AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда өрт сөндіруші мерт болды

Алматыда өрт сөндіруші мерт болды

Оқиға 08.05.2023, 10:22 1,335 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыда өрт сөндіруші мерт болды

Медеудегі отпен күрес кезінде құтқарушылардың бірі көз жұмды.


Алматы қаласында Медеуде тұтанған отпен күрес кезінде өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Кеше, 8 мамыр күні қызметтік борышын атқару кезінде, Алматы қаласында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы тау бөктерінде өрт сөндіруге жұмылдырылған топ құрамында болған Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің қызметкері, 7-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіру-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы жанып жатқан ағаш діңгегінің құлауы салдарынан көз жұмды».



Өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков Алматы облысында 1994 жылы 23 тамызда туған. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдың 14 желтоқсанынан еңбек етіп келді.



«Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оны кәсіби маман ретінде әрдайым еске алатын боламыз.


Арслан жауапты қызметкер, жоғары кәсіби және сауатты маман болды. Ұжымы оны ынта-жігері, адалдығы және мамандығына деген махаббаты үшін бағалады.


ТЖМ қаза болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек мен қолдау көрсететін болады», - делінген министрлік мәліметінде.



 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Өрт сөндіруші #Медеудегі өрт #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);