ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Орал Таңсықбаевтың көрмесі ашылды

Алматыда Орал Таңсықбаевтың көрмесі ашылды

Мәдени Алматы 27.03.2025, 16:09 744
Алматыда Орал Таңсықбаевтың көрмесі ашылды
Мемлекеттік өнер музейі
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесі ашылды. Көрме Өзбекстанның мәдениет және өнерді дамыту қорының...

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесі ашылды. Көрме Өзбекстанның мәдениет және өнерді дамыту қорының (ACDF) ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам іспеттес. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы.

Бұл көрме суретшінің соңғы 40 жылдағы ауқымды картиналарын ұсынады. Өнерсүйер қауым Ташкент қаласындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Нүкіс қаласындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінен әкелінген, сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған 78-ге жуық кескіндеме және графика туындыларын тамашалай алады.

Экспозиция – Орал Таңсықбаевтың өмірі, оның драмаға толы шығармашылық тағдыры мен шебердің қолтаңбасының күрделі эволюциясы туралы, бастапқы кезеңдердегі модернистік эксперименттерден бастап, терең символизм мен философиялық мағынаға толы монументалды пейзаждарға дейін кеңінен таныстырады.

Көрмеде О.Таңсықбаевтың орыс авангардының және француз модернистерінің ықпалын көрсететін алғашқы туындыларына ерекше назар аударылады. Экспонаттар арасында атақты «Күрең күз», «Автопортрет» картиналары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі туындылар мен «жеңілдік» кезеңінің көрнекті пейзаждары ұсынылады.

Көрме маусымға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.