AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға а...

Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды        

Әлеумет 27.12.2021, 06:51 1,496
Алматыда онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ядролық медицина орталығы ашылды        
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «МедИнвестГрупп Қазақстан» компаниясының қолдауымен ашылған Ядролық медицина орталығына барды. Бұл еліміздегі алғашқы инновациялық медициналық орталық, оның қызметі онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді.



Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс ең кішкентай ошақтарды анықтауға және неоплазмалардың орналасуы мен шекаралары туралы нақты мәліметтермен адам ағзасының үш өлшемді бейнесін алуға мүмкіндік береді. Вице-Премьер орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, ПЭТ/КТ диагностикасы онкологиялық аурулармен күресудің маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті.



«Инновациялық зерттеулер пациенттің жағдайы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ауруды нақтылау кезеңінде де, емдеу кезеңінде де маңызды. Ең заманауи аппаратурамен жабдықталған медициналық орталықтар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін өте маңызды», — деді Е. Тоғжанов.




«МедИнвестГрупп Қазақстан» компаниясы сатып алған және Алматы қаласының ядролық медицина орталығында пайдаланылатын аппаратура дәрігерлерге жылына 7 000 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді.


Бұл емдеу мен диагностикаға мұқтаж қазақстандықтарға зерттеулердің күрделі рәсімін күту мерзімін айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Осындай орталықтар жақын арада Орал, Шымкент және Қарағанды қалаларында MIG Qazaqstan инвестициялық компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылатын болады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн құбылмалы болады

Бүгін 09:29

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);