ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда «Онкологиялық ауруларды диагностикалау ме...

Алматыда «Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Медицина 12.03.2022, 08:32 1,936
Алматыда «Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық конференция өтті
Cурет: Онкология орталығы
Ядролық медицина орталығы ең заманауи құрылғылармен жабдықталған

 Ядролық медицина орталығы ең заманауи құрылғылармен жабдықталған


Аталған конференция аймақтық медициналық ұйымдардың өкілдері үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2021 жылдың желтоқсан айында Алматыда ашылған «MIG Qazaqstan» ядролық медицина орталығы-онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған Қазақстандағы алғашқы инновациялық медициналық мекеме. Орталықта зерттеулер тегін жүргізіледі және кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында қазақстандықтарға қолжетімді. Орталық дәрігерлері жылына 7 мыңға дейін пациентті қабылдай алады. Мұндай орталықтарды Қазақстанның тағы үш өңірінде – Қарағанды, Орал және Шымкентте ашу жоспарлануда.


Ядролық медицина орталығы ең заманауи құрылғылармен жабдықталған.   “Biograph Horizon” жоғары технологиялық ПЭТ-сканері позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін үйлестіреді және аурудың ең кішкентай ошақтарын анықтауға, сондай-ақ ісіктердің орналасуы мен шекаралары туралы нақты деректермен үш өлшемді кескін алуға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер ісіктердің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға көмектеседі.Аталмыш конференция аймақтық медициналық ұйымдардың өкілдері үшін ұйымдастырылды. Онкологтар орталықтың қызметімен танысып, осы бағыттағы жетекші мамандармен сұқбаттасты. Форум жұмысына "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ Басқарма Төрайымы Риза Зұлқарнайқызы Боранбаева, "ҚазОРҒЗИ" Басқарма Төрағасының ғылыми - стратегиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Зәуре Дмитриевна Душимова, бас балалар онкогематологы, "Алмалы" холдингі Бас директорының бірінші орынбасары Ольга Сергеевна Шумай, "НеоТекФарм" ЖШС директоры Ярославна Михайловна Будач қатысты.  


Талқылау барысында балалар мен ересектер онкологиясының ерте диагностикасы, ғылыми жетістіктер, инновациялық технологиялар, клиникалық зерттеулердің халықаралық әдістері және осы салаларда тәжірибе алмасу мәселелері қозғалды.


Қазақстандық мамандар өздерінің ресейлік әріптестерінің заманауи ерте диагностикалау әдістері туралы пікірімен танысты. Олардың ішінде – "МедИнвестГрупп" КТ директоры Кузьмин Алексей Александрович, медициналық білім беру институтының ядролық медицина және радиациялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Рыжкова Дарья Викторовна, . В. А. Алмазова, "МедИнвестГрупп" КТ сарапшысы Шаклеина Ольга Николаевна бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.