ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда өңірдегі ең ірі технологиялық форум өткіз...

Алматыда өңірдегі ең ірі технологиялық форум өткізілуі мүмкін

Алматы 05.11.2025, 18:00 309
Алматыда өңірдегі ең ірі технологиялық форум өткізілуі мүмкін
Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігінде «GITEX Central Asia/Kazakhstan 2026» халықаралық форумын өткізу туралы ұсынысты қарауға арналған кеңес өтті. Талқылауға қаланың Цифрландыру басқармасының өкілдері мен...

Алматы қаласының әкімдігінде «GITEX Central Asia/Kazakhstan 2026» халықаралық форумын өткізу туралы ұсынысты қарауға арналған кеңес өтті. Талқылауға қаланың Цифрландыру басқармасының өкілдері мен Dubai World Trade Centre (DWTC) компаниясының іс-шараларды басқару жөніндегі вице-президенті Трикси Ломирманд қатысты.

Форумды 2026 жылы 2-4 маусым аралығында «Атакент» көрме орталығының аумағында өткізу жоспарланып отыр. Іс-шараның бастамашысы – DWTC-тің еншілес компаниясы және 1981 жылдан бері жыл сайын Дубайда өтетін әлемдегі ең ірі технологиялық көрме GITEX GLOBAL-дың ұйымдастырушысы Kaoun International компаниясы.

Бұл бастаманы жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айқындалған міндеттерге сай келеді. Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстанның басты мақсаты – Еуразияның цифрлық хабына айналу екенін атап, бірыңғай ұлттық цифрлық экожүйені қалыптастыру мен заманауи ІТ-шешімдерді экономикаға енгізуді жеделдетуді тапсырған болатын.

Алматыда GITEX Central Asia форумын өткізу – осы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл шара елімізге әлемдік деңгейдегі технологиялық компанияларды тартуға, сондай-ақ инновациялар саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

GITEX форумы 105 елден келген 6,8 мыңнан астам компанияны біріктіріп, тәжірибе алмасу мен стратегиялық серіктестіктер орнатудың жетекші алаңы. Форумның Алматыда өтуі Орталық Азия елдерінің жаһандық технологиялық кеңістікке ықпалдасуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады.

GITEX Central Asia 2026 бағдарламасына панельдік сессиялар, инновациялар көрмесі, инвесторлармен кездесулер өтіп, отандық ІТ-шешімдер таныстырылады. Қазіргі таңда форумды жоғары халықаралық деңгейде өткізу үшін ұйымдастырушылық және техникалық жайттар егжей-тегжейлі пысықталып жатыр. Іс-шараны жоғары халықаралық деңгейде өткізу үшін әлеуетті алаңдар мен қажетті инфрақұрылымдық шешімдер қарастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.