ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда New Vision Forum 2025 халықаралық форумы...

Алматыда New Vision Forum 2025 халықаралық форумы басталды

Алматы 10.10.2025, 15:33 566
Алматыда New Vision Forum 2025 халықаралық форумы басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дархан Сатыбалды New Vision 2025 форумы аясында Booking.com-ның негізін қалаушы Джефф Хоффманмен кездесті

Дархан Сатыбалды New Vision 2025 форумы аясында Booking.com-ның негізін қалаушы Джефф Хоффманмен кездесті

Алматыда New Vision Forum 2025  ашылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның жұмысына жиырмадан астам елден келген кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар мен креативті индустрия өкілдері қатысуда. Алқалы форум Еуразияның ірі бизнес-алаңдарының бірі саналады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды форумның аясында негізгі спикерлердің бірі әрі Booking.com, Priceline.com және uBid. com,-ның тең құрылтайшысы, танымал инвестор және кәсіпкер Джефф Хоффманмен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және қала экономикасына инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, стартаптар ауқымын кеңейту және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуы туралы сөз болды.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Дархан Сатыбалды Алматының өңірдегі бизнес, туризм және креативті индустриялар үшін тартылыс орталығы екенін атап өтті.

«Алматы креативті индустрияның жетекші орталығы мәртебесін сақтап отыр. Форум аясында капиталдандырылуы 40 млн долларға жуық креативті индустриялардың Қазақстандағы алғашқы қалалық венчурлық қорын құру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Қор кино, дизайн, цифрлық мазмұн және ойын индустриясындағы жобаларды қаржыландыратын болады. Оның  орындалуы қала экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, Алматының елдің қаржы және іскерлік орталығы ретіндегі рөлін одан әрі толықтыра түседі», - деп атап өтті қала әкімі.

Форум 9-11 қазан аралығында өтеді. Оған жеті мыңнан астам қатысушылар мен жүзден астам экспонент -компания өкілдері қатысуда. Алқалы жиын аясында панельдік пікірталастар, көрмелер, шеберлік дәрістері мен келіссөздер  ұйымдастырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.