Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мызғымас бауырластық-2024» ҰҚШҰ оқу-жатт...

Алматыда «Мызғымас бауырластық-2024» ҰҚШҰ оқу-жаттығуының екінші штабтық келіссөздері өтті

Әлеумет 27.06.2024, 17:35 684
Алматыда «Мызғымас бауырластық-2024» ҰҚШҰ оқу-жаттығуының екінші штабтық келіссөздері өтті
ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен «Мызғымас бауырластық-2024» бітімгерлік күштерді командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындау жөніндегі екінші штабтық келіссөздер өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мүдделі ведомстволар өкілдері, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев басқаратын Біріккен штаб офицерлерінің тобы және ҰҚШҰ Хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында осы жылдың қыркүйек айында Алматы облысының «Жағалау» полигонында өтетін оқу-жаттығу аумағына барлау жүзеге асырылды. 

Тараптар оқу-жаттығудың идеясын, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштеріне бөлінетін бірлескен қолбасшылық пен ұлттық контингенттердің құрамдарын, практикалық іс-қимылдардың тәртібін, сондай-ақ жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін қарап, келісті.

Екінші штабтық келіссөздердің қорытындысы бойынша делегация басшылары тиісті хаттамаға қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингенттеріне арнайы дайындалған әскер, милиция (полиция) және азаматтық персонал, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттер бөлетін күш-құралдар кіреді. Олардың жалпы саны 4000-ға жетіп жығылады.

Аталмыш оқу-жаттығу ҰҚШҰ әскерлерінің топтарын басқару органдары лауазымды тұлғаларының практикалық дағдыларын арттыру және Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрамаларының, күш-құралдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында өткізіледі.

Қазақстанның биылғы жылы ұйымға төрағалық ету кезеңінде мәлімделген басымдықтардың бірі – ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін дамыту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #әскер #Қарулы күш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.