ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағ...

Алматыда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды

Мәдени Алматы 12.04.2025, 12:48 731
Алматыда музыкалық түркологияның дамуы мен болашағы мәселелері талқыланды
Сурет: Gov.kz
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталмыш іс-шара 1994 жылы Алматыда өткен «Түркі халықтарының музыкасы» атты алғашқы халықаралық симпозиумның 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

1994 жылғы симпозиум музыкалық түркологияны жеке ғылыми бағыт ретінде қалыптастыруына және жаңа зерттеуші буын шығаруға зор ықпал етті. 2025 жылғы конференция осы дәстүрді жалғастырып, оған Қазақстаннан, түркі мемлекеттерінен, сондай-ақ Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Польша және Словакиядан келген жетекші мамандар жиналды.

Конференция Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар, «Түркітілдес елдердің ұлттық музыкалық аспаптары» атты халықаралық ғылыми басылымның тұсаукесері, шеберлік сабақтары мен танымал музыканттардың қатысуымен «Түркі әлемінің дәстүрлі және заманауи музыкасы» атты концерт өтті.

Сондай-ақ конференция аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы базасында Түркі музыкалық мәдениеті мен мұрасы орталығының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Бұл орталық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен құрылып, оған Болат Қарақұловтың есімі берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.