AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда музей қызметкерлерінің жалақысын көтеріп,...

Алматыда музей қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, баспанамен көмектесуде және Луврға жіберуде

Әлеумет 13.01.2025, 16:41 784 Bakyt
Алматыда музей қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, баспанамен көмектесуде және Луврға жіберуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы – музей қызметкерлерін әлемнің жетекші мәдени орталықтарына оқуға жіберіп,  тағылымдамадан өтуге және шетелде көрмелер ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтын Қазақстандағы жалғыз қала. 

Алматы әкімдігінің қолдауымен мұражай саласының қызметкерлері Францияда (Париж, Лувр), Оңтүстік Кореяда (Сеул), Сингапурда, Түркияда (Стамбул), Италияда (Неаполь), Аустрияда (Вена), Әзірбайжанда (Баку), Чехияда (Прага) және басқа елдерде өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдірді. Бұл алматылық музейтанушыларға әлемдік озық тәжірибелерді қабылдауға және оларды мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Алматы әкімдігі мұражай қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға да көп көңіл бөледі. 2023 жылы қала әкімінің бастамасымен мұражай қызметкерлерінің ай сайынғы еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен 30%-ға ұлғайтылды. Бұдан басқа, қызметкерлердің жалақысы жыл сайын республикалық бюджет есебінен 18%-ға артуда. Сондай-ақ, саладағы 30 жас қызметкер «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында үй алып, қоныс тойын атап өтті. 

Соңғы екі жылда Алматы мұражайлары бірлестігі Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Аустрия, Чехия, Венгрия және Сербияда 9 халықаралық көрме ұйымдастырды. Бұл жобалар қазақстандық мәдени мұраны шетелде танымал етуге ықпал етеді және әлемдік мәдени қоғамдастықпен байланысты нығайтады.

Жергілікті деңгейде мұражайлардың қызметі де белсенді дамып келеді: 2024 жылы 83 көрме және әртүрлі форматтағы 257 іс-шара, соның ішінде семинарлар, шеберлік сыныптары және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өтті.

Алматы мұражайлары бірлестігі коллекцияларды сақтау және толықтыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта қорда 66 220 экспонат бар, оның 94%-ы цифрландырылған. 2024 жылы коллекцияға тағы 427 ерекше экспонат қосылды. Цифрландыру артефактілерді ұзақ мерзімді сақтауға және олардың зерттеушілер мен келушілерге қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жалпы қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру, оларды қаржылай қолдау және қолайлы еңбек жағдайларын жасау мұражай ісін нығайтуға және қаланың мәдени саласын дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #музей #Лувр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);