ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналға...

Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ән кеші өтті

Мәдениет 02.02.2026, 16:16 511
Алматыда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ән кеші өтті
сурет: Нұржамал Әліш
Республика сарайында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Соғады жүрек» ән-жыр кеші өтті, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі.

Республика сарайында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Соғады жүрек» ән-жыр кеші өтті, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі.

Концерт шымылдығын Н.Тілендиев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрі ақынның «Сарыжайлауымен» ашты.

Мұқағали – қазақтың қара өлеңін өзгеше белеске көтерген, жырларының дені әуезді әнге айналған ақын. Туындыларында Отан, ана, махаббат, өмір, тағдыр тақырыптары, бір сөзбен айтқанда қазақтың қоңыр мінезі, қарапайым болмысы, барлық құндылығы кең көрініс табады. Тілі қарапайым, ал мағынасы терең. Сондықтан барлық шығармасы әншілердің ғана емес, қарапайым тұрғындардың да аузында жүреді.

Өміршең ақынның сөзіне жазылған әндер бүгінде 300-ге жуықтаған. Ал М.Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қор төрағасы Бақытгүл Айдарова бір Мақпал Жүнісованың өзі ақынның сөзіне жазылған 50-ге таяу әнді шырқап жүргенін атап өтті осы кеште.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ақын құрметіне арналған кеште Роза Рымбаева «Наурыз-думанын», Мақпал Жүнісова «Фариза», «Дариға, домбырамды берші маған», Айжан Нұрмағамбетова «Бақыт деген», Қанат пен Айткүл "Құмған алған", «Сағындым», Мәдина Сәдуақасова «Айтатын саған сырым бұл» әндерін орындады. Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова, Бейбіт Қорған сынды жұлдыздарымыз да киелі сахнаны ән-жырға бөледі. Жыр кешін дарынды студент-жастардан құрылған «Сардар» әдеби-драмалық театрының түрлі тақырыпта ұсынған ерекше композициялары да әрлей түсті.

Кеш соңында өнерпаздарға Алматы қаласы әкімдігі атынан ықылас гүлі табысталды. Ал ақынның ұлы Жұлдыз Мақағалиұлы әнсүйер әлеуметке алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.