ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын...

Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Алматы 02.07.2025, 14:35 621
Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Алматы әкімдігі
Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 1 шілдеде отбасы институтының рөлін арттыру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және отбасы мен некенің жағымды бейнесін қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Конкурстың басты мақсаттары: отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау; балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
      1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);
      2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
      3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
      4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
      5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
      6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
      7) отбасының дарындары;
      8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
      9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
      10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
      17. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

15 мамыр – 15 маусым аралығында ұлттық конкурсқа өтінім қабылдау кезеңі өтті. 1 ай көлемінде Алматы қаласы бойынша 250 отбасыдан өтінімдер қабылданды. 
Комиссия құрамына Алматы қаласының Қоғамдық даму, мәдениет, жастар саясаты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, Алматы қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі, Алматы қаласының Құрметті азаматы және байқаудың бұрынғы жеңімпазы кірді.

Қаланың әр ауданынан ұсынылған 16 отбасының құжаттары комиссия назарына ұсынылды. Үміткерлердің арасында шығармашылықпен айналысатындар, кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер және түрлі жұмысшы мамандық иелері болды. Аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары таңдалғанымен, олардың есімдері әлі жарияланған жоқ. Олар марапаттау рәсімінде белгілі болады. Жеңімпаз отбасы республикалық кезеңге өтіп Алматы қаласының намысын қорғайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.