ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда мемлекеттік қызметшілер М.Мақатаевтың 92...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер М.Мақатаевтың 92 жылдығын атап өтті

Мәдениет 09.02.2023, 13:00 1,324
Алматыда мемлекеттік қызметшілер М.Мақатаевтың 92 жылдығын атап өтті
Сурет: Ашық дереккөз
Кешке арнайы шақырылған Мұқағали Мақатаевтың балалары ақын туралы естеліктерімен бөлісті

Кешке арнайы шақырылған Мұқағали Мақатаевтың балалары ақын туралы естеліктерімен бөлісті


Бүгін қазақ поэзиясының хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл. Осыған орай ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілер арасында «Жырлайды жүрек» әдеби-жыр кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Поэзия кешіне филиалда білім алатын қайта даярлау курсының және біліктілікті арттыру семинарларының тыңдаушылары және бірқтар мемлекеттік органның қызметшілері қатысты. Академияның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Абилованың айтуынша, әдеби шара мемлекеттік қызметшілер арасында ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен.



«Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында ақын шығармаларын кеңінен дәріптеу арқылы олардың қазақ халқына, ана тілімізге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін одан әрі дамытып, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Кешке арнайы шақырылған Мұқағали Мақатаевтың балалары ақын  туралы естеліктерімен бөлісті. Шығармашылығын зерттеген мамандар мұзбалақ ақынның еңбектеріне ғылыми-зерттеулер тұрғысынан және халықаралық деңгейде де жоғары баға берілгенін айтты. Сонымен қатар поэзиямен әуестенетін мемлекеттік қызметшілер өздері жазған шығармаларымен бөлісіп, өнерлі жастар мен бүлдіршіндер өлеңдерін оқыды, дәстүрлі әншілер домбырамен әндерін шырқады», – деді филиал директоры.




Поэзия кешіне арнайы қонақ ретінде ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев және Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың төрайымы, келіні Бақытгүл Айдарова, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арман Халбеков, «Мақатаев шығармаларының психологиялық аспектілері» тақырыбында докторлық жұмысын қорғаған PhD психология ғылымдарының докторы, М. Мақатаевтың өлеңдерін ағылшын тіліне аударған, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қауымдастырылған профессоры Тілеубаева Меруерт шақырылды. Шара Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.