AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда мектеп түлектері ҰБТ-да 140 және137 балл...

Алматыда мектеп түлектері ҰБТ-да 140 және137 балл жинады

Білім және ғылым 19.05.2026, 13:49 564
Алматыда мектеп түлектері ҰБТ-да 140 және137 балл жинады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда мектеп түлектері ҰБТ-да 140 және137 балл жинады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматыдағы мектеп түлектері журналистерге Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындалып, қанша балл алғандарын айтып берді. №161 лицейдің оқушысы Шерәлі Ыдырысжанов ең жоғары 140 балл жинаса, №172 мектеп-гимназиясының оқушысы Заңғар Әбдіқани негізгі ҰБТ-2026-да 137 балл алыпты.

Шерәлі Ыдырысжанов былтырғы тамыз айынан бастап алдағы сынаққа жан-жақты дайындала бастапты. Бейіндік пәндер ретінде биология мен химияны таңдаған, себебі болашақта хирург болуды жоспарлап отыр екен Шерәлі.

Түлектің айтуынша, ең жоғары нәтижеге жетуіне ата-анасының, мұғалімдерінің қолдауы мен бар уақытын осыған арнағаны көмектесіпті.

«Уақытымды тиімді пайдаланып, әлеуметтік желіге кірмей, күн тәртібін сақтауға тырыстым. Қиын тақырыпты мұғалімдермен бірге талқылап, материалды үнемі қайталап отырдым», — дейді Шерәлі Ыдырысжанов.

№172 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Заңғар Әбдіқани де ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен. Заңғар осы жолы барын салып, 137 балл алған.

Заңғар нақты жоспар құрып, күн сайын алдына белгілі бір мақсат қойып, сынақ тестілерінен кейін қатесін түзеуге көп уақыт жұмсағанын айтты.

«Математика мен бейіндік пәндерге көп көңіл бөлдім. Осындай нәтижеге үздіксіз еңбек етіп, жауапты қараудың арқасында жеттім», — дейді Заңғар.

Мектеп бітірген екеуі де ата-анасына, мұғалімдері мен мектеп ұжымына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, қатарластарына сәттілік тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);