ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы оңтайландырылды

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы оңтайландырылды

Алматы 21.08.2025, 16:16 443
Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы оңтайландырылды
Gov.kz
Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы аясында автобустар мен рейстер саны қысқартылды, соған қарамастан ата-аналардың сұранысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып оқушыларды тасымалдау жағы...

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы аясында автобустар мен рейстер саны қысқартылды, соған қарамастан ата-аналардың сұранысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып оқушыларды тасымалдау жағы сақталып қалды.

«Біз білім беру ұйымдарымен жұмыс істеп, мектептерден өтініш қабылдадық та, автобустардың санын қысқарту туралы шешім шығардық. Оқушыларды тасымалдауды өтінішті ескере отырып сол күйі қалдырдық», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін жоба аясында қаладағы 55 мектеп анықталып, 10 180 оқушы қамтылған болатын. Оларды тасымалдау үшін 181 автобус бөлініп, олар күн сайын 897 рейс жасады. Бір рейстің құны 20 орындық автобусқа 27 423 теңге (646 рейс), ал 36 орындық автобусқа 29 967 теңгедей (251 рейс) болды. Бұл мақсатқа жылына 4 млрд 164 млн теңге қажет болған.

Алайда биыл білім беру ұйымдарымен қосымша жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде автобустар саны 49-ға қысқартылды. Көлікті алып тастауға 24 мектеп өтініш берген. Нәтижесінде қазір қаладағы 44 мектептің 7 532 оқушысы тасымалдаумен қамтылатын болды. Оларды 132 автобус жеткізеді, сөйтіп күніне 663 рейс жасайды, бұл бұрынғыдан 234 рейске аз.

Жоспар бойынша, 2025 жылы 22 мектепте 5 495 оқушыны тасымалдау үшін 92 автобус қажет болып отырған. Осыған байланысты қалалық мобильділік басқармасы жаңа автобустар сатып алуды жоспарлаған. Бұл жыл соңына дейін оқушыларды тасымалдаумен қамтуды 15 915 балаға жеткізіп, 283 автобусты пайдалануға мүмкіндік берер еді. Алайда мектептердің өтініші мен жүргізілген оңтайландыру бюджет шығындарын қысқартып, оқушыларды тасымалдау жүйесін сақтап қалып, оны ата-аналардың сұранысы мен мектептің қажеттіліктеріне сай ұйымдастыруға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.