конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда медициналық туризмді дамыту және Оңтүстік...

Алматыда медициналық туризмді дамыту және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Алматы 25.06.2026, 16:01 299
Алматыда медициналық туризмді дамыту және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматыда «Open Healthcare Kazakhstan» ЖШС мен Алматы қаласы Туризм басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен Қазақстан–Корея медициналық туризміне арналған семинар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Қазақстан мен Корея Республикасының медициналық ұйымдарының өкілдері, туроператорлар және сала сарапшылары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Оңтүстік Кореяның заманауи медициналық технологиясы және қызметтерімен танысып, профилактикалық диагностика (check-up) мәселесін, сондай-ақ медициналық туризмді дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

«Бүгінде Алматы Орталық Азиядағы үздік медициналық орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу медициналық туризмді дамытуға әрі қаланың тартымдылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ещанова.

Іс-шара аясында Алматы қаласы Туризм басқармасы мен «Open Healthcare Kazakhstan» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат медициналық туризмді дамытуға, Алматының туристік және медициналық әлеуетін ілгерілетуге, сондай-ақ осы саладағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Семинарда қазақстандықтардың Корея Республикасында медициналық қызмет алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, екі елдің салалық ұйымдары арасындағы серіктестік байланысты нығайтуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда медициналық туризм саласы тұрақты өсім көрсетуде. Егер 2022 жылы елімізге шамамен 1,3 мың шетелдік пациент келген болса, 2024–2025 жылдары бұл көрсеткіш 80 мың адамға жуықтаған.

Осындай іс-шаралардың өткізілуі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, медициналық туризмді дамытуға және Алматыны өңірлік медициналық қызмет көрсету орталығы ретінде танытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);