AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыст...

Алматыда медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда

Медицина 15.09.2026, 18:23 287
Алматыда медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда
Фото: instagram.com/darkhan_satybaldy_official/

Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында бірқатар денсаулық сақтау нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр.

Түрксіб ауданындағы Алтай-1 шағынауданында ауысымына 500 келушіге арналған жаңа емхананың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 70%-ға жетті. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған, қажетті медициналық жабдықтарға тапсырыс берілген. Емхананы биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Қала әкімі Алмалы ауданындағы №1 қалалық перзентхананың жаңа ғимаратының құрылыс барысымен де танысты.

1938 жылы салынған бұрынғы ғимарат қауіпсіздік талаптары мен заманауи медициналық стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты бұзылды. Оның орнына аумағы 10 мың шаршы метрден асатын, 155 орынға арналған жаңа перзентхана салынуда.

Жаңа нысанда ана мен балаға қолайлы жағдай жасауға, босандыру қызметін ұйымдастыруға және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Құрылысты 2027 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Әйтеке би көшесінде салынып жатқан ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана тексерілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Қалада медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жаңа нысандардың іске қосылуы тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматыда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);