AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Медицина қызметкері күніне орай денсаулық...

Алматыда Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды

Алматы Бүгін 18:48 49 yakiya
Алматыда Медицина қызметкері күніне орай денсаулық сақтау саласының үздіктері марапатталды
Алматы әкімдігі

Алматыдағы Республика сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кәсіби мереке аясында дәрігерлер, мейіргерлер, сала ардагерлері және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдері құрметке ие болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, сала ардагерлері, медициналық ұйымдардың басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер және медицина қауымдастығының өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан Дархан Сатыбалды медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың адал еңбегі мен мамандыққа деген жауапты қызметіне алғыс білдірді.

– Бүгін біз тұрғындарымыздың денсаулығы мен өмірін қорғап жүрген жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің мамандықтарыңыз үлкен жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті және адамға деген адал қызметті талап етеді. Ең қиын сәттерде халыққа үміт пен сенім сыйлайтын – өздеріңіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерді қолдау және медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Біз сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз және медицина қауымдастығының кәсіби дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Алматыда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиясын енгізу, жаңа медициналық нысандар салу және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

2030 жылға дейін Алматыда 32 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу және қолданыстағы 14 нысанды жаңғырту жоспарланған. Қазірдің өзінде еліміздегі алғашқы Бірыңғай медициналық-санитарлық алғашқы көмек стандарты бойынша жұмыс істейтін №37 қалалық емхана ашылды. Сонымен қатар ірі медициналық ұйымдарды салу және қайта жаңғырту, медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталықтары мен жедел жәрдем қосалқы станцияларының желісін дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Салтанатты кештің басты сәттерінің бірі – медицина саласының үздіктерін марапаттау рәсімі болды. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне «Парасат», «Құрмет» және «Шапағат» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградалары, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Саланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды.

«Үздік маман – 2026» қалалық байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Нұрсұлтан Ізбағамбетов – «Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері», Марат Алматов – «Үздік стационар дәрігері», Әсел Әкімбаева – «Үздік медициналық-санитарлық алғашқы көмек дәрігері», Ақмарал Халелова – «Үздік медициналық колледж оқытушысы», Халжан Кәрімова – «Үздік провизор», Маржангүл Құдайберді – «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласының үздік маманы», Индира Тоқбергенова – «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер» атанды.

Республикалық байқаулардың жеңімпаздары да марапатталды. Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы «Үздік стационар», №17 қалалық емхана «Үздік емхана», ал №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы еліміздің «Үздік балалар ауруханасы» атанды.

Сонымен қатар «Үздік маман – 2026» республикалық байқауында «Үздік жедел медициналық көмек дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің мобильді бригада дәрігері Мөлдір Сәрсембек танылды.

Мерекелік іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен қорытындыланды. Өнерпаздар медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ халатты абзал жандарға жоғары кәсібилігі, жанқиярлық еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еуропада әріптесіміздің көрмесі өтеді

Бүгін 19:59

Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы

Бүгін 19:23

Қазақстан мен Қырғызстан Ғылым академиялары дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциумға қол қойды

Бүгін 17:33

Кітап оқитын ұлттың келешегі жарқын

Бүгін 17:19

Алматыда тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);