AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Алматыда Мажарстанмен серіктестікті кеңейту мүмкін...

Алматыда Мажарстанмен серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Ресми бөлім 09.06.2026, 11:33 418
Алматыда Мажарстанмен серіктестікті кеңейту мүмкіндіктері талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алматыдағы Мажарстанның Бас консулы Саболч Карой Сёкемен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тараптар Алматы мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Мажарстанның Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екені атап өтілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 106 миллион АҚШ долларына жетті. Тараптар фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, жасыл технологиялар, цифрландыру және қала инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің зор әлеуеті бар екенін жеткізді.

Кездесуде инвестиция тарту және екі елдің кәсіпкерлік қауымдастықтары арасындағы іскерлік байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, туризм, білім беру және ғылым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Алматы мен Мажарстанның жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықтың маңыздылығы да ерекше атап өтілді. Мажарстан тарапы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясында қазақстандық студенттерге білім гранттарын ұсынуды жалғастырып келеді. Бұл гуманитарлық байланысты дамытуға және білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдіріп, серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, инвестициялық байланысты кеңейтуге және өзара тиімді бірлескен жобаларды ілгерілетуге деген ортақ қызығушылық тағы бір мәрте расталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мажарстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);