AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда магистраль көшелерді орташа жөндеу аяқтал...

Алматыда магистраль көшелерді орташа жөндеу аяқталды

Барлығы 31.08.2025, 17:29 505 Сұлу
Алматыда магистраль көшелерді орташа жөндеу аяқталды
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес 1 қыркүйекке дейін магистральдық көшелердің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, ұзындығы 40 шақырым болатын 15 магистральдық көше жөнделді. Олардың қатарында Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Ұлықбек, Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханов, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері және Назарбаев даңғылы бар.

Сондай-ақ, ұзындығы 117 шақырым болатын аудандық маңызы бар 123 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық және жергілікті маңызы бар ұзындығы 120 шақырым болатын 188 көшеде жөндеу  жұмыстары жалғасуда,  олардың 60% - дан астамы қыркүйек айында, қалғаны қазан айының 20-сында аяқталады.

«Осылайша биыл жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын 326 көше орташа жөндеумен қамтылады. Бұл бұрынғы жоспардан 23 шақырымға қысқарды, себебі бірқатар көшелер астындағы инженерлік желілерді ауыстыру қажеттігіне байланысты тізімнен алынды», – деп хабарлады басқарма. 

Бұдан бөлек, қалалық мобильділік басқармасы магистральдық және радиалды көшелерді жалғау, сондай-ақ Алғабас, Шұғыла, Ақжар, Боралдай, Жас Қанат, Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жаңа жолдар салу жұмыстарын жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жөндеу #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);