ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда мәдениет және өнер саласының қайраткерлер...

Алматыда мәдениет және өнер саласының қайраткерлерін марапаттады

Мәдени Алматы 21.05.2025, 18:26 618
Алматыда мәдениет және өнер саласының қайраткерлерін марапаттады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік награда табысталды

Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік награда табысталды

Алматыдағы Республика сарайында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мәдениетті дамытудағы елеулі еңбегі үшін 50-ден астам шығармашылық сала өкіліне мемлекеттік награда табысталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ғылыми қызметкері Ерболат Әуезов «Парасат» орденімен марапатталды. «Құрмет» ордені Орталықтандырылған кітапхана жүйесі филиалының меңгерушісі Қуаныш Исабековаға, «IL CANTO» вокалды квартетінің солистері – Мақсат Саматов, Жігер Сатханов, Болат Қанағатовқа, сондай-ақ «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің артисі Ықылас Нұрғалиевке табысталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі Алма Аманжолова, Қазақ мемлекеттік циркінің акробаты Нұрлан Алшынбаев және «5-студия TV Production» директоры Толқын Садықова марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Күлжәмила Ильясоваға, композитор Владимир Питерцевке, суретші Рустам Мұсаевқа және актриса Жарқынай Шалқарға берілді.

«Алматы – еліміздің мәдени астанасы. Бұл жерде ұлт мақтанышына айналған Мұхтар Әуезов, Шәкен Айманов, Шара Жиенқұлова, Роза Бағланова сынды тұлғалар еңбек етті. Бүгінде олардың ісін Алматыда жемісті еңбек етіп жатқан талантты мәдениет қайраткерлері жалғастырып келеді. Біз бұны мақтан тұтамыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының артисі Аяжан Қуанышәлиева мен халықаралық байқаулардың лауреаты Ұлболсын Кенжебайқызы лайық деп танылды.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Ағыбай Әжібаев, Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі Болат Момынжанов және эстрадалық-симфониялық оркестрдің артистері Владимир Демченко, Рима Ахметова, Айнаш Жайылбекова-Сарбуфина, Мейіргүл Жалпақова, Ботагөз Қойшыбаева, Валерий Насибулин және Алексей Тимофеев марапатталды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасына Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Гүлбаршын Бұланбаева және дирижер Никита Беляков ие болды. Министрдің Алғыс хаты Алматы хайуанаттар бағының қызметкері Бағила Ибрагимоваға берілді.

«Мәдениет – өмірімізге мән мен сұлулық беретін, адамзат дамуының қозғаушы күші. Бүгін тек белгілі артистер ғана емес, сахна сыртында еңбек ететін жандардың да құрметке ие болғаны ерекше қуантады. Мен үшін қарапайым Алғыс хаттың өзі – үлкен марапат, бұл – сені бағалап, еңбектің елеусіз қалдырмағанын білдіреді. Алматы – мәдени астана, оның дамуы – өз ісіне адал жандар мен қалалық әкімдіктің қолдауының нәтижесі», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың атынан өнер мен мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесі үшін 25 мәдениет саласының өкілі Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында: Сағымгүл Қарабалина, Раузия Тұрсынбекова, Игорь Благодарный, Бақыт Алдибеков, Толқын Забирова, Венера Алпысбаева, Әлияр Өтетілеу, Асылбек Еңсепов, Бахтияр Тайлақбаев, Татьяна Адельгазинова, Лаура Шүленбаева, Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов, Қайрат Ботабеков, Аида Кауменова, Шоқан Мұратхан, Сәрсенбай Қали, Әсия Хайрулина, Камилла Ли, Анар Әбжанова және Нэлли Бубэ бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.