ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Крещение мерекесіне байланысты суға түсуг...

Алматыда Крещение мерекесіне байланысты суға түсуге болатын орындардың тізімі жарияланды

Әлеумет 16.01.2026, 12:18 226
Алматыда Крещение мерекесіне байланысты суға түсуге болатын орындардың тізімі жарияланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
2026 жылғы 18–19 қаңтар күндері Алматы қаласында Крещение мерекесіне арналған дәстүрлі суға түсу рәсімдері өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында арнайы жабдықталған 10...

2026 жылғы 18–19 қаңтар күндері Алматы қаласында Крещение мерекесіне арналған дәстүрлі суға түсу рәсімдері өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында арнайы жабдықталған 10 ресми орын белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен православ шіркеуінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жауапты қызметтердің хабарлауынша, барлық алаңдар тиісті мекемелермен келісіліп, діни рәсімді қауіпсіз жағдайда өткізуге толық дайындалған.

«Крещениеде шомылу – ең алдымен рухани дәстүр. Оған әр адам саналы түрде қатысып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс», – деді православ шіркеуінің өкілі Александр Суворов.

Биыл шомылу рәсімдері қаланың барлық ауданындағы православ шіркеулері аумағында ұйымдастырылады. Әр орын үшін нақты күндер мен жұмыс уақыты белгіленген.

Шомылуға арналған ресми орындар тізімі:

  1. Крестовоздвиженский шіркеуі – Қарасу шағынауданы, Высоковольтная көш., 37Б
    (18 қаңтар 11:00–15:00; 19 қаңтар 00:00–22:00)

  2. Христос ғибадатханасының приходы – Райымбек даңғ., 493
    (18 қаңтар 12:00-ден 19 қаңтар 22:00-ге дейін)

  3. Николай соборы – Байтұрсынов көш., 56/5
    (18 қаңтар 11:00–16:00; 19 қаңтар 11:00–18:00)

  4. Успенский шіркеуі (Первомайский кенті) – Құдабайұлы көш., 86
    (19 қаңтар 09:30–23:00)

  5. Параскева шіркеуі – Жансүгіров көш., 500В
    (18 қаңтар 22:00-ден 19 қаңтар 22:00-ге дейін)

  6. Ивер-Серафим әйелдер ғибадатханасы – Хамиди көш., 30
    (18 қаңтар 10:30-дан 19 қаңтар 23:00-ге дейін)

  7. Благовещенский шіркеуі – Алатау шағынауданы, Ибрагимов көш., 13
    (18 қаңтар 23:30-дан 19 қаңтар 23:00-ге дейін)

  8. Қазан иконасы шіркеуі – Халиуллин көш., 45А
    (18 қаңтар 10:30-дан 19 қаңтар 16:00-ге дейін)

  9. Рождество приходы – Ақжар шағынауданы, Егінсу көш., 1Б
    (18–19 қаңтар 12:00–20:00)

  10. Покров-Всехсвят шіркеуі – Юных Пионеров көш., 85
    (19 қаңтар 11:30–19:00)

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы Денис Ярцевтің айтуынша, барлық рәсім өтетін орындарда құтқару және медициналық қызметтер тәулік бойы кезекшілік етеді.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Қалалық құтқару қызметі, Апаттар медицинасы орталығы мен дәрігерлер жұмылдырылды. Барлық шомылу орындары алдын ала тексеріліп, толық дайындықтан өтті», – деді ол.

ТЖД өкілдері тек ресми түрде белгіленген орындарда ғана шомылуға рұқсат етілетінін ескертеді. Жағалауы тайғақ, мұзы тұрақсыз және су ағысы қатты болғандықтан, басқа су айдындарында, соның ішінде тоғандарда, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде шомылуға қатаң тыйым салынады.

Қауіпсіздік мақсатында азаматтарға мына талаптарды сақтау ұсынылады:

  • тек арнайы белгіленген орындарда шомылу;

  • мас күйде суға түспеу;

  • мұз үстіндегі ойық маңында бір мезетте 3 адамнан артық тұрмау;

  • шомылу алдында денені қыздыру үшін жеңіл жаттығу жасау;

  • құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауында шомылу;

  • шомылғаннан кейін құрғақ киім киіп, жылы шай ішу.

Ұйымдастырушылар алматылықтарды Крещение мерекесіндегі рәсімдерге жауапкершілікпен қарап, ауа райы мен жеке денсаулығын ескеруге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.