AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Корей мәдениетінің күні өтті

Алматыда Корей мәдениетінің күні өтті

Барлығы 18.08.2025, 20:03 800 Сұлу
Алматыда Корей мәдениетінің күні өтті
Алматы Корей ұлттық орталығы

16 тамызда Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында дәстүрлі Корей мәдениетінің күні ұйымдастырылды. Бұл мереке биыл 36-шы рет өтіп отыр. Шараға 5 мыңнан аса қонақ жиналып, қаланың ең жарқын мәдени оқиғаларының біріне айналды.

Қонақтарға алғашқы болып құттықтау сөзін Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті, «Алматы Корей ұлттық орталығы» ҚБ төрағасы Андрей Антонович Шин жолдады. Ол Корей мәдениетінің күні алғаш рет 1989 жылы өткенін және содан бері жыл сайын алматылықтар мен қала қонақтарын біріктіріп, Корей халқының тарихына, өнері мен дәстүрлеріне құрмет көрсетуге себепші болып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестігі болып саналатын Алматы Корей ұлттық орталығы бүгінде 1200-ден аса мүшені және 31 құрылымдық бөлімшені біріктіреді. Орталық әр жылы өтетін бұл шараға алматылықтар мен қала қонақтарын шақырып, ұлтаралық татулықты нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және Корей мәдениетін насихаттауға үлес қосып келеді.

Корей мәдениетінің күні – Корей этносының бай дәстүрін, тілін және бірегейлігін жас ұрпаққа жеткізуге арналған жарқын мереке. Бұл шара түрлі ұлт өкілдері арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтуға үлкен ықпал етеді.

Мереке аясында Алматы Корей ұлттық орталығының шығармашылық ұжымдары, Оңтүстік Кореяның «Теоуллим» театрының әртістері мен Корея Республикасының «Чонгсонг Ариранг» мәдени қорының өнерпаздары ұлттық би, әуен және концерттік бағдарламасын ұсынды.

Салтанатты шараға мемлекеттік және дипломатиялық органдардың өкілдері, Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы және Канвондо провинциясының губернаторы құрметті қонақ ретінде қатысты.

Келушілер Қазақстандағы Корей халқының тарихымен және мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Корей мәдениетінің күні тағы да елдегі халықтар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен мәдени байланысты нығайтудың маңызды алаңы екенін дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #корей #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);