ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Конституциялық комиссия мүшелері №5 қалал...

Алматыда Конституциялық комиссия мүшелері №5 қалалық аурухана ұжымымен кездесті

Алматы Бүгін 13:21 77
Алматыда Конституциялық комиссия мүшелері №5 қалалық аурухана ұжымымен кездесті
№5 қалалық аурухана
Алматы қаласында Конституциялық комиссия мүшелері №5 қалалық аурухананың еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Ашық диалог алаңы форматында ұйымдастырылған жиынға 80-ге жуық қызметкер қатысты.

Алматы қаласында Конституциялық комиссия мүшелері №5 қалалық аурухананың еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Ашық диалог алаңы форматында ұйымдастырылған жиынға 80-ге жуық қызметкер қатысты.

Кездесуге Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы, қалалық коалиция жетекшісі Мейіржан Отыншиев, Философия, саясаттану және дінтану институты директоры Айгүл Сәдуақасова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директоры Анар Фазылжан және Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Айгүл Шалбаева қатысты.

Іс-шара барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Спикерлер реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, олардың денсаулық сақтау саласына ықпалы жөнінде баяндады. Әсіресе, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, медициналық қызмет сапасын арттыру, сала қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мәселелері назарға алынды.

– №5 қалалық аурухана –мамандандырылған клиника. Саяси жүйені кешенді жаңғыртуға бағытталған бастаманы медицина қызметкерлерімен талқылау маңызды. 6 ай бұрын құрылған жұмыс тобының жұмысына сәйкес Конституцияның 84%-ын өзгертуге тура келді. Өзгерістер мазмұндық тұрғыда пысықталып, жобалық негізге енгізілді. Әлеумет пен саясат үшін 145 депутаттан тұратын бір палаталы парламенттің маңызы зор. Ал медицина қызметкерлерінің өмірі мен кәсібилігін қорғау 27-бапта қарастырылды. Жаңа Ата заң бәрімізге ортақ жауапкершілік жүктейді, референдумда күш біріктіруге шақырамын, – деді Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы, қалалық коалиция жетекшісі Мейіржан Отыншиев. 

Философия, саясаттану және дінтану институты директоры Айгүл Сәдуақасова медицина қызметкерлерінің еңбегіне айрықша тоқталды. 

– Денсаулық сақтау саласы – кез келген мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы мен адами капиталының негізгі тірегі. Медицина қызметкерлері кәсіби міндетін атқарып қана қоймай, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті арқалап жүр. Әсіресе соңғы жылдары дәрігерлер мен орта буын мамандарының еңбегі айқын көрінді. Олар тәулікпен жұмыс істеп, адам өмірін сақтап қалу жолында жанқиярлық танытты. Сондықтан сала мамандарының құқықтық қорғалуы, әлеуметтік мәртебесі және кәсіби беделі де назардан тыс қалмауы тиіс, – деді Айгүл Сәдуақасова. 

Аурухана ұжымы өз кезегінде практикалық тәжірибеге негізделген ұсыныстарын білдіріп, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты пікірлерін ортаға салды. Ашық форматтағы кездесу еркін ой алмасуға мүмкіндік беріп, өзекті мәселелерді тікелей талқылауға жағдай жасады.

Жиын соңында айтылған ұсыныстар жинақталып, келешекте мықтап қолға алынатыны жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,248 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.