ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді?

Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді?

Алматы 27.08.2025, 17:59 861
Алматыда Конституция күні қалай аталып өтеді?
Алматы әкімдігі
30 тамыз 2025 жылы Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

30 тамыз 2025 жылы Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Ресми бөлім 18:00-де Мемлекеттік Туды шығарып, Әнұранды орындаумен басталады.

Көрермендер үшін 200-ден астам артист қатысатын театрландырылған қойылым ұсынылады. Онда еңбек адамдарының бейнесі, әскери қызметкерлер мен мемлекеттік Туды алып шығатын топтар көрініс табады. Музыкалық сүйемелдеуді опера және эстрада әншілері Мемлекеттік хор капелласымен бірге орындайды.

Сахнаға Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, IL Canto квартеті, «МузАрт Life» тобы, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, Зарина Алтынбаева, Рүстем Нұржігіт, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Ерназар Жұбан, «Сазген сазы» этноансамблі және AL Jazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрі шығады.

Мереке ашық аспан астындағы спектакльмен жалғасады. 19:00-де Республика сарайының алдында аңызға айналған Асанәлі Әшімов негізін қалаған «Жаңа ғасыр» театры «Алматы – махаббатым» атты музыкалық қойылымды сахналайды.

20:00-де осы алаңда «Алматы әуендері» концерті өтеді. Онда Саят Нұрғазин, Абик Жексен, Kyle Ruh, Інжу Ануарбек, Димаш Дәулетов, Бейбітгүл Нұрымқожина, «Арқайым» дуэті, Елдар Омаров, Тахмина Ашимбекова, Дәурен Байбөрі, Дәлел Уәшев және ASU фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетеді.

Open-air концерттің хедлайнерлері – Yenlik пен Қайрат Нұртас. Бағдарлама 22:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, 27–29 тамыз күндері қала аудандарында концерттер, конференциялар және мәдени бағдарламалар өтеді:

– Жетісу ауданы, Мәдениет үйі (Кемел ықшамауданы) – 27 тамыз, 11:00. Салтанатты концерт «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң».

– Алмалы ауданы, Арбат (Жібек жолы даңғылы, 100) – 28 тамыз, 16:00. Мерекелік концерт «30 жыл ел тірегі – Ата Заң».

– Бостандық ауданы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ акт залы – 28 тамыз, 15:00. Салтанатты концерт.

– Алатау ауданы, Атлетикалық ауыл (Нұркент-5) – 29 тамыз, 17:00. Мерекелік концерт.

– Әуезов ауданы, «Нархоз» университетінің акт залы (Жандосов көшесі, 55) – 29 тамыз, 15:00. Концерт «Ата Заң – Тәуелсіз ел тұғыры».

– Наурызбай ауданы, әкімдік ғимараты жанындағы амфитеатр (Шұғыла ықшамауданы, 347) – 29 тамыз, 16:00. Концерттік бағдарлама.

– Медеу ауданы, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124) – 29 тамыз, 11:00. Мерекелік концерт.

– Түрксіб ауданы, №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин даңғылы, 13/1) – 29 тамыз, 11:00. Салтанатты концерт.

Сонымен бірге, 29 тамыз күні сағат 11:00-де Достық үйінде мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес өкілдері, тарихшылар мен сарапшылардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.