Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөн...

Алматыда Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форум өз жұмысын бастады

Әлеумет 04.10.2024, 14:55 1,346
Алматыда Көліктегі қауіпсіздік пен цифрландыру жөніндегі V Еуразиялық форум өз жұмысын бастады
Сурет: Gov.kz

Ол көлік саласының өкілдерін қозғалыс қауіпсіздігі мен цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін біріктірді.

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев форумның ашылуында онлайн форматта құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол министрліктің көлік саласын цифрландыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалары туралы айтып өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, ол өтініш берусіз-ақ азаматтарға жеңілдетілген жол жүру билеттерін автоматты түрде беруге мүмкіндік беретін проактивті форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Сәтжан Аблалиев жол жабынын қорғау шараларына да назар аударды. Осы тарапта ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдарға түсетін жүктемені бақылау мақсатында жүк автокөлігінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнатуға кірісті.

«Биыл еліміздің бас қаласы - Астанаға кіреберістерде осындай жеті станция орнатылды. Алдағы жылдары олардың санын республикалық жолдарда 70-ке, облыстық және жергілікті автодораларда 150-ге дейін арттыру жоспарлануда», - деп атап өтті Вице-министр.

Форумға ҚР Көлік министрлігінің, ұлттық тасымалдаушылардың, «KAZLOGISTICS» Көлік қызметкерлері одағының, инженерлік жүйелерді өндірушілерінің, ғылыми ұйымдардың, консалтингтік компаниялардың, сондай-ақ, білім беру және коммерциялық емес мекемелердің өкілдері қатысады.

Аталған іс-шара аясында қатысушылар автомобиль және теміржол салаларындағы цифрландыру мен қауіпсіздікті, әуе және су көлігін дамытуды, сонымен қатар, көлік-логистика саласы үшін кадрлар даярлау мәселелерін талқылайды.
Форум екі күнге жалғасып, қатысушыларға тәжірибе алмасуға және көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көліктегі қауіпсіздік #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.