AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізу...

Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні анықтайтын жүйе іске қосылды

Заң мен тəртіп 28.10.2021, 05:52 942
Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні анықтайтын жүйе іске қосылды
Inform.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік тізгініне отырған жүргізушіні іздеудің жаңа технологиясы пайда болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Бүгінде елде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп жатыр. Заң деңгейінде көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді бұл құқықбұзушылық үшін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Өкінішке орай, іс жүзінде сот жүргізуші куәлігінен айырған жүргізуші өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, мас күйінде қайтадан рөлге отыратын жағдай жиі кездеседі. Ал мұндай немқұрайдылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.



Осыған орай, Алматы полициясының алдыңғы қатардағы бөлімшелерінің жеке құрамы жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіретін бұзушыларды анықтауға және ұстауға жұмылдырылған. Полицияда іске қосылған жаңа қызмет көлік құралын бейнетіркеу жүйесі арқылы анықтағаннан кейін, оны жедел ұстау және тоқтату үшін патрульдік жасақтарға деректерді беруге мүмкіндік береді.



«Жазаның бұлтартпас қағидасы туралы тағы бір еске салған жөн. Бүгінде полиция адами факторды жойып, тәртіп бұзушыларды анықтауға, олардың заңсыз әрекеттерін есепке алуға және жауапқа тартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Жыл басынан 1,5 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сот көлік айдау құқығынан айырды, оның 245-і мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады, тағы 168-і жүргізуші куәлігінен айырылған болса да, мас күйінде рөлге отырған», – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.



Сонымен қатар, Алматы қалалық ПД көлік кұралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлікті айдау қылмыстық жауапқа әкеп соғатынын ескертеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);