ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматыда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 07.08.2024, 17:34 925
Алматыда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда 2024 жылдың 9 тамызында жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ниет...

Алматыда 2024 жылдың 9 тамызында жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ниет білдірушілерді іс-шараға қатысуға шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әділет Жаңабаев бос орындар жәрмеңкесіне білім, медицина, қаржы, өндіріс, логистика және басқа да салалардағы бос жұмыс орындары бар елуден астам жұмыс беруші қатысатынын хабарлады.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр. 

«Жәрмеңкелерді өткізудің мақсаты - жастарға, оқу орындарының түлектеріне, жұмыс іздеушілерге, азаматтардың жекелеген санаттарына жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, сондай - ақ жұмыс берушілерге лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмысқа алу процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып отыр», - деп толықтырды ол. ЖОО түлектері мен жұмыссыз жүрген жастарға, біліктілігі мен тәжірибесі жоқ жастарға ерекше көңіл бөлінеді. ӨКҚ спикері жұмыссыз жүрген 4000 жас SMS ақпарат алғанын атап өтті.

«Жәрмеңкеге мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға қызмет көрсететін біздің қызметкерлер де қатысады. Мысалы, жастар үшін бұл «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары немесе тегін оқу курстары болуы мүмкін», - деді Әділет Жаңабаев.

Спикер сондай-ақ, жұмысқа тұрар алдында қалай әңгімелесу керектігі жөніндегі кеңестерін берді және жақсы түйіндеме дайындаудың маңызды екенін айтты. 

«Сұрақтарға дайын болу, мамандықтың өзектілігі мен қажеттілігі, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хаттың болуы жұмысқа орналасуға көмектеседі. Осыған байланысты жәрмеңке бағдарламасында Алматы қаласының еңбек мобильділігі, орталығының кәсіби бағдар берушілерінен тренингтер мен шеберлік сыныптары қарастырылған», - деді ол.

Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа мерзімде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, өздерін қызықтыратын бос жұмыс орындарын таңдап, таңдалған бос жұмыс орындарына алдын ала әңгімелесуден өте алады.

«Жұмыс тапқысы келетіндердің бәрін тұрақты жұмысқа орналасуға тамаша мүмкіндік беретін жәрмеңкеге шақырамыз», - деді Ә.Жаңабаев.

Жәрмеңкенің өтетін орны: Жібек жолы даңғылы, Панфилов көшесінің қиылысы (Арбат) сағат 10:00-де. 

Толығырақ ақпаратты Достық даңғылы, 85 мекенжайында орналасқан Алматы қаласының Мансап орталығынан алуға болады. Болмаса,  +7 727 310-47-82 телефон нөмірі арқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.