ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясынд...

Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Алғабас» шағынауданында екі мектеп салынады

Алматы 28.07.2025, 15:30 751
Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Алғабас» шағынауданында екі мектеп салынады
Алматы әкімдігі
«Алматы» ӘКК АҚ-ның еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС «NP Almaty» ЖШС-ға «Алғабас» шағынауданында 2 000 және 1 200 орындық екі жалпы білім беретін мектеп салу үшін 5 млрд теңге бөлді.

«Алматы» ӘКК АҚ-ның еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС «NP Almaty» ЖШС-ға «Алғабас» шағынауданында 2 000 және 1 200 орындық екі жалпы білім беретін мектеп салу үшін 5 млрд теңге бөлді.

Қаржыландыру Қазақстандағы оқушы орындарының тапшылығын және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ қалалық әкімдік жанындағы жобалық кеңсесінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10% (ЖТСМ), қаржыландыру мерзімі 1 жыл.

Қарыз алушы «NP Almaty» ЖШС мектептерді бірыңғай сәулеттік және білім беру стандартына сай, жайлы, инклюзивті және қауіпсіз орта қалыптастыра отырып салуды жоспарлап отыр. Мектептер STEM-зертханаларымен, робототехника, физика, химия, биология кабинеттерімен, интеллектуммен, компьютерлік сыныптармен, акт залымен, медиатекамен, коворкингпен, шеберханалармен, сондай-ақ ашық ойын және спорт алаңдарымен жабдықталады.

Сонымен қатар, мектептер жас ерекшелігіне қарай бастауыш, негізгі және орта блоктарға бөлініп, әрқайсысында жеке асхана мен спорт залы қарастырылады.

Ғимараттарда бейнебақылау, дабыл жүйесі және қауіп төнген жағдайда есіктерді автоматты түрде бұғаттайтын жүйе орнатылады.

Мектептерді ашу 2026 жылғы қаңтарға жоспарланған.

«Жоба қарқынды дамып келе жатқан Алатау ауданында мектеп орындарының жетіспеушілігін шешуге, балаларды жайлы әрі заманауи оқу жағдайларымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ 270-тен астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Берік Құсайынов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.