ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында 21 ме...

Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында 21 мектеп салынып жатыр

Алматы 28.08.2025, 13:05 668
Алматыда «Келешек мектептері» жобасы аясында 21 мектеп салынып жатыр
Алматы қаласы әкімдігі
Оқушы орнының тапшылығы еліміздің барлық өңіріне тән мәселе. Осы орайда  Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен ...

Оқушы орнының тапшылығы еліміздің барлық өңіріне тән мәселе. Осы орайда  Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен  «1300 мектепті оңалту» ұлттық жобасы қолға алынған. Шаһарда 1 қыркүйекте  12 жаңа мектеп ашылғалы отыр. 

Жалпы, Алматы қаласы бойынша «Келешек мектептері» жобасы аясында 34,8 мың оқушыға арналған 21 мектеп салынып жатса,  13 мектептің құрылысы  «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының қатысуымен жүзеге асып жатыр. 

Осындай мектептің біреуі  былтыр  алғаш рет  пайдалануға берілсе,  осы оқу жылының алғашқы күні тағы 12 мектеп  пайдалануға беріледі.  

Бұған қоса, қосымша тағы 8 мектеп жеке инвесторлардың қатысуымен «сатып алу» механизмі арқылы салына бастады.  Соның ішінде екі мектеп биыл қыркүйекте іске қосылып, тағы екі мектеп 2025 жылғы желтоқсанда, қалған төртеуі жыл соңына дейін ашылмақшы.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Келешек мектептерінің» маңызын түсіндірген еді. 

«Бұл жоба – елімізде орта білім сапасын арттыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Бұл – жәй ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдарын «Келешек мектептері» деп атауды ұсынып отырмыз. Бастауыш сыныптардан бастап түрлі мамандық иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылады. 7-сыныпта оқушылар үшін тереңдетілген бейіндік оқыту, тәлімгерлік жүйесі және жеке білім беру курстары енгізіледі. Бұл үдерісті тиімді үйлестіру және басқару мақсатында «Мансап компасы» арнайы цифрлық платформасы әзірленуде. Ол оқушыларға болашақ кәсіби бағытын және әрі қарайғы білім алу жолын саналы түрде таңдауға көмектеседі. Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагогтар оқытумен қамтылады, бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол. 

Балалар қауіпсіздігі 

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов брифинг барысында айтты. 

"Қазіргі таңда Алматыдағы барлық білім мекемелері жаңаша дамып, үлкен ізденіс үстінде. Бүгінгі күні қаладағы барлық мемлекеттік 216 мектеп пен  196 балабақша кешенді қауіпсіздік жүйесімен жабдықталса,  мұндай  жүйеге бейнебақылау, дабыл түймелері, кіріп-шығуды бақылайтын жүйелер мен өрт дабылы кіреді. Білім мекемелерінің басты мәселесі –  балалар өмірінің қауіпсіздігі. Сондықтан  осы мақсат үшін білім беру мекемелерінің барлығына  21 106 цифрлық бейнекамера орнатылды. Бұл бейнебақылаулардың  12 450-і мектепте, 8656-сы балабақшада орналастырылды.   Сондай-ақ,   нысандарға түгелімен  бір-бірден 412  дабыл түймесі қойылған.  Мектепке кіріп-шығуды басқаратын, бақылайтын бірыңғай  жүйе енгізіліп, балабақшаларға домофон орнатылған.  Сонымен қатар, әр нысанда өрт дабылы жүйесі жұмыс істейді", - дейді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.