ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда жылыту маусымы ерте басталады: қосылу кес...

Алматыда жылыту маусымы ерте басталады: қосылу кестесі жарияланды

Алматы 07.10.2025, 11:43 493
Алматыда жылыту маусымы ерте басталады: қосылу кестесі жарияланды
сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда ауа райының күрт суытуына байланысты жылыту маусымы әдеттегіден ертерек басталады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ауа райының күрт суытуына байланысты жылыту маусымы әдеттегіден ертерек басталады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

"Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен 8 қазаннан орталық жылуға қосу жұмыстары жүргізіледі", – деп мәлімдеді Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Алдымен қай нысандар қосылады?

Басқарма дерегінше, ең әуелі жылу балабақшаларға, мектептерге және медициналық ұйымдарға беріледі. Көпқабатты тұрғын үйлерді қосу 10 қазаннан басталады. Үйлерге жылу берілген соң КСК және ОСИ мамандары ішкі жүйелерді реттеп, радиаторлар мен құрылғылардан ауаны жібереді, қысымды теңшеп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.

“АлЖЖ” дайындығы

Қаланың жылу кешені – “АлЖЖ” компаниясында циркуляциялық режим іске қосылған, бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жедел жылу беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қыс маусымына толық дайын екенін хабарлады: ықтимал ақауларға жедел әрекет ету үшін материалдар мен жабдықтардың авариялық қоры жасақталған. 2025–2026 жылғы жылыту маусымында тәулік бойы кезекшілікте 16 авариялық және жөндеу бригадасы (барлығы 220 маман, 56 техника) жұмыс істейді.

Норматив туралы еске салу

Бұған дейін басқарма жылыту маусымын бастау туралы шешім сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8°C және одан төмен деңгейде қатарынан бес тәулік сақталғанда қабылданатынын хабарлаған болатын. Күрт суытуға байланысты биыл қосу мерзімі ілгері жылжытылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.