ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауыратын пациенттерге...

Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауыратын пациенттерге медициналық көмек қалай көрсетіледі

Алматы 17.11.2025, 15:21 339
Алматыда ЖРВИ және тұмаумен ауыратын пациенттерге медициналық көмек қалай көрсетіледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 
Алматыда мамандандырылған қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында (ҚБКИА) балаларға тәулік бойы көмек көрсетіледі. Аурухана негізгі корпус пен екі филиалдан тұрады. Ұйым 0-ден 18...

Алматыда мамандандырылған қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында (ҚБКИА) балаларға тәулік бойы көмек көрсетіледі. Аурухана негізгі корпус пен екі филиалдан тұрады. Ұйым 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға инфекциялық аурулар бойынша шұғыл түрде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қызмет көрсетеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Ләйла Иманғалиева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

ҚБКИА-да тәулік бойғы стационардың 719 төсегі жұмыс істейді. Негізгі корпус (Байзақов көшесі, 299 «А») 360 төсекке есептелген және Бостандық, Медеу, Алмалы мен Әуезов аудандарына қызмет көрсетеді. Модульдік инфекциялық стационар (Теректі ықшам ауданы, Ташкент трактісі, 541) 270 төсекпен Алатау және Наурызбай аудандарын қамтиды. Саялы ықшам ауданындағы филиалда 147 төсек бар және Түрксіб, Жетісу және Алатау ауданының бір бөлігіне медициналық көмек көрсетіледі.

«Балаларға ЖРВИ мен тұмауға қарсы ем жүргізу үшін ҚБКИА-да 536 төсекке арналған 14 бөлімше ашылған, олардың ішінде 48 реанимациялық төсек бар. Соңғы аптадағы төсек қорының жүктемесі шамамен 51%-ды құрайды. Қажет болған жағдайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты қосымша қордағы 92 төсек ашылуы мүмкін», – деді Ләйла Иманғалиева.

Стационарға жүктеме бойынша балалар арасында бірінші орында тұмау мен ЖРВИ, екінші орында пневмония тұр. 2025 жылдың 17 қарашасындағы жағдай бойынша ҚБКИА стационарларында ЖРВИ және тұмаумен 274 бала ем алып жатыр, олардың 139-ында пневмония диагнозы қойылған. Ауруханада инфекцияларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін зертхана бар.

С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ересек тұрғындарға медициналық көмек көрсетіледі. Мұнда ЖРВИ және тұмаумен ауыратындарға арналған 280 төсегі бар 5 бөлімше жұмыс істейді, оның ішінде 9 төсек – реанимацияда. Қажет болған жағдайда қосымша 100 төсек ашылуы мүмкін. 2025 жылдың 17 қарашасындағы жағдай бойынша стационарда 203 ЖРВИ диагнозы бар пациент және пневмониямен 6 ересек науқас ем қабылдап жатыр.

№4 қалалық перзентханада жүкті әйелдерге мамандандырылған көмек көрсетіледі. Жүкті әйелдерге (28 аптадан жоғары мерзімде) ЖРВИ және тұмау бойынша ем жүргізуге арналған 70 төсек ашылған, олардың ішінде 6 төсек – реанимациялық. Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне қарай қосымша 10 резервтік төсек ашуға мүмкіндік бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төсек-орын қорының толымдылығын бақылап отырады. Инфекциялық стационарларда резервтік төсек қоры қарастырылған. Қажет болған жағдайда төсек санын жедел арттыруға болады. Медициналық ұйымдар төсек қорын қайта бейіндеу және пациенттерді бағыттау жоспарларын әзірлеген, бұл эпидемиологиялық жағдайға икемді әрекет етуге және жүйенің шамадан тыс жүктелуін болдырмауға мүмкіндік береді. Аурушаңдық пен госпитализация бойынша күн сайын бақылау жасалады.

«Емханалар деңгейінде пациенттерге ЖРВИ және тұмау бойынша көмек «фильтр-кабинеттер» арқылы көрсетіледі, онда инфекция белгілері бар адамдарды қабылдап, аурудың таралу қаупін азайтады. Сондай-ақ үйге шығатын мобильді бригадалар жұмыс істейді. Бастапқы медициналық санитарлық көмек жүйесі маусымдық сырқаттанудың өсу кезеңінде күшейтілген бақылаумен жоспарлы режимде қызмет атқарады», – деп атап өтті спикер. 

Ерекше көңіл жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл санаттағы пациенттер үйге шақыртқанда бірінші кезекте қабылдап, тұрақты патронаж және қажет болған жағдайда уақтылы госпитализация қамтамасыз етіледі. Медициналық қызметкерлерге көмек көрсету алгоритмдері, қарсыэпидемиялық режимді сақтау және пациенттерді стационарларға бағыттау бойынша оқу семинарлары өткізілді.

Тұрғындар аурудың алдын алудың іс-шараларын сақтауы креек: науқастармен байланыстан аулақ болып, қоғамдық орындарда маска тағып, қолды жиі жуып, иммунитетті күшейтіп, ауырған балаларды мектеп пен балабақшаға жібермеуі керек.

Дәрілік заттарға қатысты: қазіргі таңда дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы байқалмайды. Барлық медициналық ұйымдар қажетті вирусқа қарсы препараттармен, қызу түсіретін дәрілермен, иммуномодуляторлармен, дәрумендермен, сондай-ақ реанимациялық жабдықтармен, дезинфекциялық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Медициналық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, бұл эпидемиологиялық маусым кезеңінде пациенттерге тұрақты көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарының жеткілікті деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.