ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Жастар күніне орай мурал ашылды

Алматыда Жастар күніне орай мурал ашылды

Алматы 08.08.2025, 16:04 535
Алматыда Жастар күніне орай мурал ашылды
Алматы әкімдігі
Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында «Алматы – жастар қаласы» атты жаңа муралдың ашылу салтанаты өтті. Жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен...

Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында «Алматы – жастар қаласы» атты жаңа муралдың ашылу салтанаты өтті. Жобаны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен шығармашыл жастар жүзеге асырды.

Ашылу рәсіміне Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кенесбай, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

«Бүгінде Алматы қаласында 700 мыңнан астам жас азамат тұрады. Бұл – еліміздегі ең ірі әрі белсенді жастар орталығы. Қаламыздың жастары әртүрлі бағытта дамып келеді: біреулері ғылыммен айналысса, енді біреулері спорт, өнер, кәсіпкерлік пен еріктілік салаларында жетістіктерге жетуде. Біз бұл мурал арқылы Алматы жастарының жан-жақтылығын, олардың ашықтығын, шығармашыл және заманауи көзқарасын көрсетуге тырыстық. Сонымен қатар, бұл жоба жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін қолдап, оларды қалалық мәдени кеңістікке тарту мақсатында жүзеге асырылды»,– деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары Алмаз Кенесбай.

Айта кетейік, Алматы қаласында Халықаралық жастар күнін мерекелеуге арналған онкүндік іс-шаралар 2025 жылдың 3 тамызында бастау алған. Бағдарлама аясында экологиялық акциялар, спорттық турнирлер, квест ойындары, жастар мен әлеуметтік жобалар көрмесі, Open Mic форматындағы концерттер, би сайыстары және басқа да түрлі бағыттағы мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылуда.

Фестивальдің қорытындысы – 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін GRAN FINAL болмақ. Шара аясында қонақтар мен қала тұрғындарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік гала-концерт, сондай-ақ Алматы қаласының ең белсенді жастарын марапаттау салтанаты күтеді. Іс-шараға кіру – тегін.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.