ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлі...

Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылды

Алматы 27.01.2026, 15:03 185
Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл туралы орталық...

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл туралы орталық директоры Әлібек Смағұлов 2025 жылдың жұмыс қорытындысы таныстырылымында мәлімдеді. Іс-шараға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. 

Оның айтуынша, 2025 жылы қыркүйектен бастап жұмыс істеп келе жатқан бөлімше 16 орынға арналған. Мұнда шұғыл түрде түскен нәрестелерге көмек көрсетіледі, сондай-ақ жансақтаудан кейінгі балаларға қарқынды терапия және ерте оңалту қызметтері қарастырылған. Үш айдың ішінде 103 жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетілді.

Бір жылда орталықта 235 нәресте емделіп, олардың 52-сіне туа біткен даму ақауына байланысты шұғыл ота жасалды. Пациенттер санының өсуі бөлімшенің мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа орындарды ашуға негіз болды. 

2025 жылдан бастап орталықта 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 12 орындық оториноларингология және жақ-бет хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алғашқы бес айда 83 балаға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетілді. Жаңа бөлімшелердің ашылуы көрсетілетін медициналық көмектің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Өткен жылы 140,6 мыңнан астам бала медициналық көмек алды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22,5%-ға көп. Жоспарлы тәртіпте Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 1 500-ден астам науқасқа мамандандырылған хирургиялық және консервативті көмек көрсетілді.

2025 жылы орталықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін госпитальдық фармация бөлімшесі де ашылып, халықаралық GPP стандартына сай сертификат алды.

Жыл қорытындысы бойынша орталық ең жоғары аккредитациялық санат иеленіп, Қазақстанда «Жылдың үздік балалар стационары» деп танылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.