ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тұлға / Алматыда Жамбыл Жабаев жайлы фильм түсіріліп жатыр

Алматыда Жамбыл Жабаев жайлы фильм түсіріліп жатыр

Тұлға 16.10.2021, 04:45 1,220
Алматыда Жамбыл Жабаев жайлы фильм түсіріліп жатыр
Cурет: Baq.kz
Болашақ картинаның сюжеті ақынның кеңестік идеологияға қарсы шығуына негізделген

Болашақ картинаның сюжеті ақынның кеңестік идеологияға қарсы шығуына негізделген


Алматыда «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің түсірілімі басталды. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 


Фильм ақиық ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған. Түсірілім тобын режиссер Жандос Құсайынов басқарады. Оның шығармашылық қоржынында «Әли» және «Шабдалы» көркем фильмдері, сондай-ақ «Жақсы адам», «Көке» сериалдары бар. 


Болашақ картинаның сюжеті ақынның кеңестік идеологияға қарсы шығуына негізделген. Фильмде Жамбылдың өміріне әсер еткен айтулы оқиғалар қамтылады: ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газет-журналдарда  жариялануы, Иосиф Гильманның Мәскеуден келуі, Жабаевтың Ораз Жандосовпен, Бауыржан Момышұлымен және дәуірдің басқа да көрнекті қайраткерлерімен кездесуі көрсетіледі.   


Басты рөлді Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. Сондай-ақ, фильмге ҚР Халық әртісі Досхан Жолжақсынов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ерік Жолжақсынов пен Бекболат Тілеухан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов, актерлер Әсет Иманғали, Асан Мәжит, Қажымұқан Қалымбет және Ержан Нұрымбет қатысады.  


Негізгі локациялар – Алматы және Алматы облысы. Қоюшы операторы Еркінбек Птыралиев («Бой Атбая», «Желтая кошка»). Биыл авторлар 32 түсірілім ауысымын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Фильмнің негізгі, соның ішінде ауқымды көріністері келесі жылы түсіріледі.


Картинаны түсірумен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау» Қоғамдық Қоры айналысуда. Авторлар аты аңызға айналған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бірегей фильм қазақстандықтарға ғана емес, шетелдік көрермендерге де қызықты болады деген үмітте.


Естеріңізге сала кетейік, бұл Жамбыл туралы алғашқы көркем фильм емес. 1952 жылы режиссер Ефим Дзиган «Қазақфильм» студиясында басты рөлді Шәкен Кенжетайұлы Айманов сомдаған «Жамбыл» картинасын түсірген.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.