AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті

Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті

Әлеумет 05.06.2023, 11:00 1,394
Алматыда жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті

Жиналыс Алматы қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған.


Жиналысқа  5000-нан аса ата-ана қатысты. Спикерлер «Балалардың жазғы демалысы-денсаулық пен алған әсердің кепілі» жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ой қозғап, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Балалар жарақатының алдын алу бойынша Алматы қаласы прокурорының балалар құқығын қорғау жөніндегі көмекшісі Джанбекова Гүлнара Хамитқызы, ата-аналарға балалардың терезеден жиі құлауы, су қоймаларында рұқсат жоқ жерлерде балалармен шомылуға бармауға, демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керекігін айтып кетті.



Алматы қаласы ДП ЖКП ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Мырзаханов Дәурен Базарханұлы - балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай - ақ балаларда Алматы қаласының көшелері мен жолдарында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары туралы ережелермен таныстырып, қауіпсіз шаралармен таныстырды. 
Алматы қаласы ЖПҚД ДП ювеналды полиция бөлімінің бастығы Шонжанова Жанна Тұрсынханқызы - Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың көбейіп бара жатқанын, отбасында балаларға көбірек уақыт бөліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіріп кетті.


Алматы қаласы бойынша «Наркостоп» жобасының өкілі Нұрсейітова Жанара Бексұлтанқызы - Жастар арасында синтетикалық есірткіні тұтынудың қауіптілігін айтты.
«Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Күнболатова Қуаныш Қуатқызы -  Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі бойынша ой қозғады. 
Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының өкілі, Jet Sharing компаниясының директоры Рахимгалиев Талғат - Мектеп жасындағы балалардың электр самокаттардың пайдалануға тыйым салу туралы айтты.


Ата-аналарға балалардың кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету,   сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдары мен таратпалар ұсынды. Сонмен қатар жасөспірімдер психологиясы, балаға тәрбие беруде төзімділікпен, сабырмен, сеніммен, сонымен қатар сүйіспеншілікпен  және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айтылды. 
Ата-аналар жиналыс соңында спикерлерге өздерін мазалап жүрген  мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап алып, алдағы уақытта осындай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ата-аналар #жиналыс #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);