AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуғ...

Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады

Алматы 08.10.2026, 16:53 200
Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады

Алматыда технологиялық бизнеске, бағдарламалық өнім әзірлеушілерге, стартаптар мен зерттеушілерге арналған жаңа инфрақұрылым қалыптасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалада Almaty AI Hub және Almaty AI Park атты екі ірі жоба жүзеге асырылуда.

Екі нысан да білім беру, ғылыми зерттеулер, стартаптарды дамыту, технологиялық компаниялардың қызметі мен салалық іс-шараларды өткізуді біртұтас экожүйеге біріктіруге бағытталған.

Көктем-3 шағынауданында Almaty AI Hub орталығы құрылып жатыр. Ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын ғимарат қайта жаңғыртылып, 556 жұмыс орны бар көпфункционалды орталыққа айналады. Мұнда IT және жасанды интеллект компанияларына, стартаптар мен әзірлеушілерге арналған кеңістіктер, білім беру алаңдары, коворкингтер, кеңселер, конференц-залдар мен іс-шаралар өткізу аймақтары орналасады.

Хаб құрамына жасанды интеллект мектебі мен AI Campus инфрақұрылымы да кіреді. Сондай-ақ робототехника экожүйесін құру көзделген. Оның аясында демонстрациялық аймақтар, оқыту және жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған мүмкіндіктер қарастырылады. Технологиялық командалар мен компанияларға кеңселер мен бірлесіп жұмыс істеуге арналған кеңістіктер ұсынылады. Ал түрлі іс-шараларды өткізу үшін конференц-залдар мен арнайы алаңдар жабдықталады.

Осылайша, Almaty AI Hub білім алу, алғашқы жобаларды іске қосу, стартаптарды дамыту және технологиялық компанияларда жұмыс істеу мүмкіндіктерін бір кеңістікте біріктіреді.

Екінші жоба – Almaty AI Park. Оны 4,9 гектар жерге салу жоспарланған. Кешеннің жалпы ауданы шамамен 76 мың шаршы метр. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңді 2027 жылы желтоқсанда, ал екіншісін 2028 жылы желтоқсанда аяқтау көзделген.

Almaty AI Park құрамына ғылыми-зерттеу және жасанды интеллект зертханалары, технологиялық компаниялардың кеңселері, коворкинг, акселератор мен бизнес-инкубатор, сондай-ақ білім беру және іс-шаралар өткізу инфрақұрылымы кіреді. Бұдан бөлек, технологиялық кластердің өзінде мамандар даярлайтын университет ашу жоспарланған.

Жобаның тағы бір маңызды бағыты – жас компанияларды қолдау. Стартаптар үшін бірлесіп жұмыс істеуге, жобаларды таныстыруға және инвесторлар алдында таныстырылым өткізуге арналған арнайы кеңістіктер құрылады. Ал ғылыми-зерттеу зертханалары жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу мен сынақтан өткізу алаңына айналады.

Осылайша, Almaty AI Hub және Almaty AI Park жобалары Алматыда IT мен жасанды интеллект саласын дамытуға арналған бірыңғай инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе мамандар даярлаудан және стартаптарды іске қосудан бастап, ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа өнімдер жасауға және технологиялық бизнесті тартуға дейінгі барлық бағытты қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);