Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: терроризм...

Алматыда ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: терроризм туралы жалған ақпарат тарату - қылмыс

Алматы Бүгін 10:00 22
Алматыда ІІМ ата-аналарға үндеу жасады: терроризм туралы жалған ақпарат тарату - қылмыс
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар таратуға жол берілмейтінін тағы да еске салып, ата-аналарға арнайы үндеу жасады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Терроризм туралы жалған ақпарат қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіріп, адамдарды жаппай эвакуациялауға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медицина және өзге де әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысының бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметтерінің күштері мен құралдары негізсіз жұмылдырылады.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мұндай қылмыс үшін заңнамада бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделгенін атап өтті. Әрбір хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оны таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдардың көмегімен анықталады.

Құқық қорғау органдары алматылықтарға:

  • тексерілмеген ақпаратты таратпауға;

  • интернетте, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған қоңыраулар мен хабарламалар жасамауға;

  • балаларға мұндай әрекеттер үшін ата-аналардың да жауапкершілігі бар екенін түсіндіруге;

  • қауіп төндіретін хабарлама алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.

Полиция қала тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған ақпарат #жалған ақпарат тарату #терроризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар құс етін 20 тәулікке дейін сақтайтын инновациялық технология жасады

Бүгін 11:56

Ораза кезіндегі ұйқының маңызы

Бүгін 11:32

Жамбыл жырлары – жас буын жүрегінде

Бүгін 10:59

Алматыда ауыл шаруашылығы жануарларын тегін вакцинациялау басталды

Бүгін 10:51

Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Бүгін 10:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі