Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда иесіз қалған 13 су тарту нысаны анықталды

Алматыда иесіз қалған 13 су тарту нысаны анықталды

Әлеумет 06.08.2022, 04:03 919
Алматыда иесіз қалған 13 су тарту нысаны анықталды
Сурет: Inform.kz
Арық желілерін кеңейту, коллекторларды қайта құру және қалпына келтіру жоспарланған

Арық желілерін кеңейту, коллекторларды қайта құру және қалпына келтіру жоспарланған


Алматыда 36 су тарту нысаны бар, оның 13-і иесіз қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Алматыда 153 су нысаны бар, оның ішінде 109 су ағыны және 44 су қоймасы. Олардың жалпы ұзындығы – 586,2 шақырым. Сондай-ақ, қала аумағындағы су объектілерінде 36 су тарту нысаны бар, оның 13-і иесіз, оны өрт сөндіру және суару машиналары үшін де пайдаланылады», - дейді экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сергей Герасименко.



Сонымен қатар, ол көктемгі кезеңде су басу аймақтарының көбейгенін атап өтті.



«Көктемгі кезеңде су басу аймақтарының саны 102-ге дейін артты. Зерттеу барысында су басу аймағында 82 аула, 90 әкімшілік ғимарат, 48 сауда нүктесі мен өндірістік ғимараттар, сондай-ақ саябақ пен 50-ден астам көше бар екені анықталды», - деді спикер.



Айтуынша, мәселені жедел шешу үшін жыл соңына дейін арық желілерін кеңейту, коллекторларды қайта құру және қалпына келтіру жоспарланған. Бұл 56 су басу аймағын жоюға мүмкіндік береді.



«Сонымен қоса, 2023 жылдың соңына дейін ұзындығы 376 шақырым арық желілерін жаңарту және салу жобасы аясында қалған 46 су басқан аймақтың мәселелері шешіліп, 67 шақырымдық құрылыс аяқталады. Жаңа арық желілері де қамтамасыз етіледі. Бүгінде қаланың батыс бөлігінде, ұзындығы 119 шақырымды қалпына келтіру жұмыстары басталып, шығыс және орталық бөлікте жұмыстарды биылғы күзде бастау жоспарланып отыр», - деді ол.



Сондай-ақ, ол жасыл желекті суарудың кешенді схемасын ұйымдастыру мақсатында арық желілеріне су беретін 27 тарту құрылысын қайта жасақтау және салу бойынша жоба әзірленгенін жеткізді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,357 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.