ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың...

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Алматы 11.02.2026, 16:49 127
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Сурет: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Қабылдау бөліміне 1 жас 9 айлық бала өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер «ішектегі бөгде заттар — 31 магнит, жіңішке ішектің көптік тесілуі, жайылған нәжістік перитонит» диагнозын қойды.

Баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – шұғыл хирургиялық ота жасау болды. Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысы ағзаларына толық тексеру жүргізді. Ота барысында магниттер ішектен алынып, жіңішке ішектегі көптеген тесік тігілді, құрсақ қуысы тазартылып, дренаж орнатылды. Сонымен қатар ішекке трансаналдық интубация жасалды.

Орталық хирургі Асқар Ризвановтың айтуынша, магниттердің басты қаупі – олардың ағзаға бөлек-бөлек түскенімен, ішекте бір-біріне тартылып, ішек қабырғасын қысып қалуында.

«Магниттердің арасында ішек қабырғасы қысылады, қан айналымы бұзылады, тіндер жансызданады, тесік пайда болады. Соның салдарынан санаулы сағаттардың ішінде перитонит дамуы мүмкін. Ата-аналар көбіне баланың жағдайы қаншалықты жылдам нашарлайтынын аңғармай қалады», – деді хирург.

Дәрігерлердің ескертуінше, тіпті бір магнит жұтылған жағдайда да дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Ал бірнеше магнит баланың өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Мамандар ата-аналарды балалардың магнитті ойыншықтарға, магнит шариктерге және құрамында ұсақ магниттері бар заттарға қол жеткізуін шектеуге, тұрмыста қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.