AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда хирургтар конгресі өтті: Қазақстанда доно...

Алматыда хирургтар конгресі өтті: Қазақстанда донор тапшылығы мәселесі өзекті

Медицина 12.09.2025, 17:17 782 dulatbekova
Алматыда хирургтар конгресі өтті: Қазақстанда донор тапшылығы мәселесі өзекті
Сурет: hightech.fm

Алматыда өткен халықаралық 9-шы хирургтар конгресінде Қазақстандағы трансплантология саласының түйткілдері талқыланды.

Жиын Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазір елімізде мыңға жуық адам бауыр трансплантациясына кезекте тұр. Алайда биыл жыл басынан бері небәрі 40-тан аса операция жасалған. Бұл қажеттіліктің 5–6 пайызын ғана өтейді. Мамандардың айтуынша, басты мәселе – донор тапшылығы.

Тірі донорға иек артқанмен, көп жағдайда сәйкес келмейді. Ал мәйіттік донордың жетіспеуі талай науқастың өмірін қатерге тігіп отыр. Биыл трансплантациялардың 95 пайызы ересектерге жасалса, қалған аз бөлігі туа бітті дертке шалдыққан балаларға жасалған. Кейбір бүлдіршіндерді квота арқылы шетелге жіберуге тура келеді. Мәселен, 2025 жылдың өзінде 12 бала Үндістанда бауыр алмастырған.

«Біз тек тірі донорлықты дамыту арқылы бұл мәселені толық шеше алмаймыз. Қазір мәйіттік донорлық жүйесін жолға қоймайынша, кезек жылдан жылға азаймайды», – деді «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов.

Мамандар заңға өзгеріс енгізіліп, мәйіттік донорлық институты дамыса, көптеген науқастың үміті қайта жанатынын айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #хирургтар конгресі #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);