конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда халықаралық "WTT Youth Contender" жасөспі...

Алматыда халықаралық "WTT Youth Contender" жасөспірімдер турнирі өтпек

Спорт 20.07.2026, 16:42 244
Алматыда халықаралық "WTT Youth Contender" жасөспірімдер турнирі өтпек
Үстел теннисі федерациясы

24-27 шілде аралығында Алматы қаласында халықаралық "WTT Youth Contender Almaty" жасөспірімдер турнирі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда 24-27 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Дүбірлі додаға 17 ел мен аумақтан 230 жас спортшы қатысады.

Турнирде қазақстандық спортшылармен қатар Австралия, Әзірбайжан, Гонконг, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Қытайлық Тайбэй, Корея Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Жапонияның өкілдері бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының сапында әртүрлі жас санаттарында өнер көрсететін 82 теннисші ел намысын қорғайды.

Турнир Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен World Table Tennis (WTT) ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылады. Жарыс халықаралық жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енгізілген. Сондықтан қатысушылардың көрсеткен нәтижесі әлемдік рейтингті қалыптастыру кезінде ескеріледі.

Спортшылар 11 және 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей сында, сондай-ақ 15 және 19 жасқа дейінгі аралас жұптар арасындағы сайыстарда жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс Алматы қаласы, Нұркент шағынауданы, 14Б мекенжайында орналасқан ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Байрақты бәсекені SportPlus Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);