AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық әуежайда және теміржол вокзал...

Алматыда халықаралық әуежайда және теміржол вокзалдарында бақылауды күшейтілуде

Әлеумет 23.06.2021, 10:10 1,703
Алматыда халықаралық әуежайда және теміржол вокзалдарында бақылауды күшейтілуде
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің аумақтық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитарлық дәрігер Ж. Бекшинмен және қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Н. Табынбаевпен бірге Алматы халықаралық әуежайы мен қала вокзалдарының аумағындағы санитарлық эпидемиологиялық  қызметтердің жұмысын тексерді.



Тексеру барысында мегаполис аумағына инфекция таралу жағдайларының алгоритміне және болдырмаудың алдын алу жөніндегі сақтық шараларына баса назар аударылды. ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елде "Дельта" (үнді) штамының айналымына қатысты тапсырмасын ескере отырып, жерүсті қызметтердің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы дайындығы, ұшу аумағында инфекция симтомдарын анықтайтын жолаушылар үшін жекелеген инфекциялық бокстардың жұмысы тексерілді. 



Әуежайға кіре берістегі Ashyq қосымшасы арқылы тестілеуге де назар аударылды. Күзет қызметіне орта есеппен әуежайға кіре берісте «қызыл» мәртебеге ие екі-үш жолаушы тіркелгені туралы хабардар етілді. Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бұл адамдарға жедел шаралар қабылдануда.




Әуежай базасында аэропорт бөлімшелері басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың көшпелі отырысы өтті.


Әуежайды бақылау қорытындысы бойынша әуе айлағы басшылығы мен бөлімше өкілдерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабтың отырысы өтті.





Эпидемиологтардың айтуынша, "Дельта" штамы жоғары жұқпалы әрі анықталған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Орташа алғанда, бір адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам. Штамның инкубациялық кезеңі жеті күнді құрайды. Ғалымдардың зерттеулері коронавирустың үнділік штамынан ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің ықтималдығы жоғары екенін айтты.




Ж. Бекшин үнді штамының симптомдары басқа, үйреншікті штамдардан өзгеше деді. Мысалы, иіс сезу болмауы мүмкін. Алайда, аурудың белгілері болған кезде  дереу дәрігерді шақыруыңыз керек, өйткені жаңа штам қауіпті. Осыған байланысты қала тұрғындары өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек".




 Әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық қорғаудың барлық шараларын күшейтуді, оның ішінде әуежай қызметкерлерін вакциналауға шақырды. Сондай-ақ әуежайды дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады.


Айта кетсек, Алматы эпидемиологтары қауіпті "Дельта"штамынан туындауы мүмкін коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын жоққа шығармайды. Алматы қаласының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы тұрғындарды вакциналауға, сондай-ақ бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.


Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша, SARS-CoV-2 "Дельта" штамы әлемнің 74 елінде анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #газификация #население #кредит #әуежай #Теміржол #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);