AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына...

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру басталды

Әлеумет 22.10.2024, 11:41 1,381
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру басталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

22 қазанда Алматы қаласын абаттандыру жобалары бойынша онлайн дауыс беру басталды. Бұл процесс 2024 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар қаланы көріктендіру бойынша өздеріне ұнайтын жобаларды қолдау мүмкіндігіне ие болады.

Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүзеге асырылады. Порталдың басты бетінде қатысушылар үштен аспайтын жобаны таңдап, өз дауысын беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-код арқылы растау жасай алады.

Қаланың әрбір ересек тұрғыны, тұрақты тұруға ықтиярхаты бар болса, жобаларға дауыс бере алады. Жалпы, мегаполистің тұрғындарынан 6118 өтініш түсті, олардың ішінде 1402 жоба дауыс беруге рұқсат алды. Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы іске асырады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы қосымша ақпарат пен кеңестерді аудан әкімдіктерінен немесе Алматы Open Almaty Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 телефоны арқылы (ішкі тел. 203) алуға болады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының қаржыландыруы 18,8 млрд теңгеге дейін өскенін еске саламыз (2023 жылы — 12,9 млрд). Аудан әкімдіктері 2023 жылғы жеңімпаз жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр, бүгінге дейін 261 жоба іске асырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұрғындар #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);