AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өте...

Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 11.09.2023, 06:16 1,474
Алматыда «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесі өтеді
muftyat.kz

15-16 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2023» көрмесі өтеді. Бұл көрме – халалды насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасын жалғау, кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайту, шет елдік мамандармен тәжірибе алмасу, халал өнімдерді таныту мақсатында III ші рет өткізілгелі отырған халықаралық айтулы шара.


«HALAL EXPO-2023» көрмесінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Үздік халал кәсіпорындарды» марапаттайды. Сонымен қатар, шет елдік және отандық халал стандарттау және сертификаттау саласы мамандарының қатысуымен дәрістер өтіп, халал жөнінде кеңінен мағлұмат беріледі.


Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі,  Ауылшаруашылық министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы өкілдері, мұсылман мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері, шет елдік «Халал стандарттау және сертификаттау» орталықтары басшылары қатысады деп күтілуде.


Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары ет, құс өнімдері, сүт және балық өнімдері, жартылай фабрикаттар, кондитерлік және бал өнімдері, халал косметикалар, май өнімдері мен шұжықтар, БАД өнімдері, тағам қоспалары, гигиеналық заттар, жуғыш заттар, фаст-фудт тағамдар, балмұздақ, сусын секілді небір өнімдерді сауда орындарынан бірнеше есе төмен бағада ала алады. Көрмеге отандық және Өзбекстан мен Қырғызстан, Украина, Малайзия мен Индонезия мемлекеттерінің халал сертификатын иеленген кәсіпорындары, өнімдері қатысатынын еске саламыз.  


Әуезді ән-күй, тұшымды сұхбат, дәмді тағам түрлері, ерекше атмосфера сіздерді күтеді. Халал индустриясының дамуына ат салысып, отандық өнімдерді қолдайық, қолданайық! Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін халықаралық көрмеге ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз!



Өтетін орны: «АТАКЕНТ» халықаралық көрме орталығы. БАҚШАСАРАЙ салтанат үйі. Алматы қ., Тимирязев көшесі,42.


Уақыты: 15-16 қыркүйек, 2023 жыл. Сағ.: 10.00-17.00 аралығы;


Байланыс үшін:  + 7 702 273 7518 (Данияр Сафиев)


                                + 7 771 437 0517


                                + 7 7172 999 384                           

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халал #тағамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);