ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Global Scholars» пилоттық жобасы іске қо...

Алматыда «Global Scholars» пилоттық жобасы іске қосылды

Білім және ғылым 10.12.2025, 19:32 408
Алматыда «Global Scholars» пилоттық жобасы іске қосылды
aqshamnews.kz
2025 жылдың мамыр айында Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласы Даму орталығының білім беру және медицинадағы жобалар бөлімінің...

2025 жылдың мамыр айында Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласы Даму орталығының білім беру және медицинадағы жобалар бөлімінің басшысы Мәулешева Әлия Андарьевнаның жетекшілігімен Блумберг қайырымдылық ұйымының «Global Scholars» пилоттық жобасы іске қосылды.

«Global Scholars» — бұл дүниежүзіндегі қалаларда тұратын 10–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған халықаралық виртуалды алмасу бағдарламасы. Жобаның ерекшелігі — онлайн-талқылау алаңдары мен нақты уақыт режиміндегі кәсіби даму бағдарламалары арқылы оқушылар мен педагогтерге ынталандырушы байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда бағдарламаға әлемнің 39 елінен, 119 қаласынан 127 000-ға жуық оқушы мен 3100 педагог қатысқан.

Алматы қаласында бұл жоба аясында келесі пилоттық орта білім беру ұйымдары анықталды:

  • №15 гимназия,

  • №34 гимназия,

  • №28 лицей,

  • 162 мектеп-гимназия,

  • №26 және №69 жалпы білім беретін мектептер.

Келесі қадам ретінде — осы мектептердегі педагогтердің шығармашылық топтарын және оқушылардың пилоттық топтарын қалыптастыру жоспарлануда. Барлық қатысушылар халықаралық жобаның интернет-платформасына қол жеткізіп, 2025–2026 оқу жылында «Салауатты тамақ» тақырыбымен жұмысын бастады.

Жоба қатысушылары нақты және өзекті мәселелер бойынша бірлесе жұмыс істеп, өз еңбектерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі құрдастарымен бөліседі. Бағдарлама моделі — оқушылардың сұрақтарын талқылауға және кері байланыс жасауға негізделген. Сынып ішіндегі қарым-қатынас пен халықаралық онлайн-диалог өзара толықтырылып, жаһандық мәселеге қатысты білім көзіне айналады.

Оқушылар әр апта сайын электрондық сыныптарда ғаламдық мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп зерттеп, талқылау тақталарында идея алмасады. Сынып ішінде осы идеялар пысықталып, жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған жобалық жұмысқа айналады. Бұл үдеріс оқушылардың:

  • жаһандық мәселеге бағдарланған және нақты оқу нәтижелеріне бағытталған жобалармен жұмыс істеуіне,

  • жеке бақылауға негізделген шынайы тапсырмаларды орындауына,

  • сандық ортада қарым-қатынас дағдыларын дамытуына ықпал етеді.

Жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласы Білім басқармасы мен ҚББЖТҒӘО әдіскері Л.Б. Петрова пилоттық мектептердің педагогтеріне арналған ай сайынғы дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізуді жоспарлады. Бұл кездесулерде жобаны жүзеге асырудағы өзекті мәселелер мен тиімді әдістер талқыланады.

5 желтоқсанда №69 жалпы білім беретін мектептің базасында «Global Scholars: First Steps» атты семинар өтті. Жиын пилоттық мектептер мұғалімдерінің тәжірибе алмасу алаңына айналды. Іс-шараны Алматы қаласы Даму орталығының білім беру және медицинадағы жобалар бөлімінің басшысы Әлия Мәулешева мен №69 мектептің директоры Сәуле Төреқұлова құттықтау сөзімен ашты.

ҚББЖТҒӘО әдіскері Л.Б. Петрова өз баяндамасында жобаның мәні мен алғашқы жетістіктері туралы мәлімет берді. №28 лицейдің мұғалімі Манзура Сатанова оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары жөнінде пікір білдірсе, №15 гимназияның мұғалімдері Камиля Бөлеген мен Аслан Серікқанов онлайн және сыныптағы сабақтарды жүргізу тәжірибесімен бөлісті. №69 мектеп мұғалімдері Елена Дякина, Елена Накостик, Диана Бакаева және Назима Сембаева оқушыларды пәндік терминология мен функционалдық тілді үйрету стратегиясы бойынша практикалық шеберлік сағатын өткізді.

Семинарға қатысушылар жобаның маңыздылығын атап өтіп, пилоттық мектептердің мұғалімдері мен оқушыларының шығармашылық топтары қол жеткізген нәтижелерге жоғары баға берді.

Сонымен қатар, шығармашылық топтардың педагогтері «Global Scholars» платформасында жобалық жұмысты ұйымдастыру және басқару бойынша қашықтықтан тегін біліктілікті арттыру курсынан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болатындығы қатысушылар үшін ерекше қызығушылық тудырды.

Перуза Асылбек,
ҚББЖТҒӘО әдіскері

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.