AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 1...

Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде

Мәдениет 16.02.2026, 10:54 317 yakiya
Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде
Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында Гиннестің рекордтар кітабына арналған бірегей сырмақ жасалуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласының Бостандық ауданында дәстүр мен шеберлікті, ұлттық болмысты тоғыстырған ауқымды мәдени жоба жүзеге асырылуда. Аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақты дайындауға кірісті. Жоба нәтижесі Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылмақ.

Сырмақ дәстүрлі басу және тігу технологияларын сақтай отырып, толықтай қолмен жасалуда. Ою-өрнектерде қазақы нақыштың классикалық үлгілері пайдаланылып, әр тұсында ұрпақ сабақтастығы, қолөнерге деген құрмет пен ұлттық мұраны сақтауға деген ұмтылыс көрініс табады.

Бұл бастама көлемімен ғана емес, мазмұндық мәнімен де айрықша. Жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Сырмақты аяқтау 21 наурыз — Наурыз мерекесіне жоспарланған. Осы күні бірегей туынды көпшілік назарына ұсынылып, қазақ мәдениетінің бірлігі мен байлығын, шеберлік дәстүрінің өміршеңдігін айшықтайтын нышанға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сырмақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);