ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн...

Алматыда "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" атты  Республикалық акциясы басталды

Заң мен тəртіп 24.11.2025, 12:01 553
Алматыда "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" атты  Республикалық акциясы басталды
Алматы ПД
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласында және барлық Республика аумағында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" атты жыл сайынғы халықаралық кампания өтуде....

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласында және барлық Республика аумағында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" атты жыл сайынғы халықаралық кампания өтуде. Акцияның мақсаты - қоғамның назарын тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, азаматтардың қорғану шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ профилактика саласында мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Акция жыл сайын 25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнінде басталып, 10 желтоқсанда - Адам құқықтарының халықаралық күні аяқталады. Бұл күндер әр адамның еркіндікке, құрметке және қауіпсіздікке деген фундаменталды құқығы бар екенін символдық түрде көрсетеді.

Кампания аясында Алматы қаласында ақпараттық іс-шаралар, халықпен кездесулер, дәрістер, тақырыптық акциялар, мамандардың консультациялары, сондай-ақ профилактикалық рейдтер өткізіледі. Ерте кезеңде тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау, жәбірленушілерді қолдау және тәуекел топтарымен жұмыс істеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жадыра Джелеуқызы Кантарбаеваның айтуынша, мұндай бастамалар қоғам қауіпсіздігі үшін аса маңызды:

"Акцияның басталуы – жай ғана формалдылық емес. Бұл кезеңде біз профилактикалық жұмысты күшейтіп, азаматтарға дер кезінде әрекет етудің және қолдаудың маңыздылығын еске саламыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ұзақ уақыт бойы жасырын қалуы мүмкін мәселе. Біздің міндетіміз – адамдарға көмек бар екенін, полиция әрқашан жанында әрі қорғауға дайын екенін жеткізу", - деді ол.

Ол сондай-ақ Алматы қаласы ПД ҚҚБ қызметкерлері осы күндері халықпен кездесулер өткізіп, отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кеңес беріп жатқанын атап өтті:

"Біз қала тұрғындарын бейжай қалмауға шақырамыз. Егер сіз зорлық-зомбылықтың куәгері немесе жәбірленушісі болсаңыз - 102 нөміріне хабарласыңыз. Әрбір қоңырау маңызды, ол қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз зорлық-зомбылық деңгейін төмендетіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз", - деп қосты Жадыра Қантарбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамның белсенді қатысуы - акцияның табысты өтуінің негізгі факторы. Халықтың ақпараттануы артқан сайын, көмекке мұқтаж адамдарды қорғау мүмкіндігі де жоғарылайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.