Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қ...

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Мәдени Алматы Бүгін 11:47 44
Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады
ӨКҚ

Алматыда Франсис Пуленктің "Адам дауысы" монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда алғаш рет Франсис Пуленктің "Адам дауысы" монооперасы қазақ тілінде сахналанады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында осы мәдени оқиғаға дайындық барысы туралы айтылды. Премьера 20 ақпанда сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өтпек.

Жан Коктоның аттас пьесасының негізінде жазылған шығарма ХХ ғасырдағы әлемдік музыкалық классикада айрықша орын алады. Бұған дейін моноопера ағылшын, итальян, орыс, испан, каталон, чех, фин, галисия, жапон, корей, словак, украин тілінде, сондай-ақ ым-ишара тілінде қойылған. Қазақ тіліндегі нұсқаның сахналануы отандық мәдениеттің халықаралық көркем кеңістікке ықпалдасып жатқанына дәлел.

Қазақстандық мәдени кеңістікте бұл туындының жаңа кезеңі 2023 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында Жан Коктоның «Дауыс» пьесасы қойылған кезде басталды. Оны Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аударып, қойылымды режиссер Барзу Абдуразаков жүзеге асырды. Спектакльді көрермендер мен кәсіби қауым жоғары бағалаған болатын. Жаңа жоба осы шығармашылық бағытты моноопера жанрында жалғастырып отыр.

Филармония директоры Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, жоба көркемдік қана емес, символдық мәнге де ие.

"Адам дауысының" қазақ тілінде орындалуы – ұлттық музыкалық өнерді дамытудағы маңызды қадам. Біз әлемдік жауһар туындылардың ана тілімізде шырқалып, көркемдік тереңдігін сақтай отырып, көрерменге жақындай түсуіне жол ашады, – деді.

Монооперадағы жалғыз партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дария Жүсіп орындайды. Вокалдық партияны белгілі педагог әрі әнші Галина Карамолдаева дайындады. Т. Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі көркемдік жетекші әрі бас дирижер Қанат Омаровтың басқаруымен музыкалық жағынан сүйемелдейді. Шығарманы симфониялық оркестр сүйемелдеуімен орындау идеясы бірнеше жыл бойы пысықталып, осы жоба аясында жүзеге асты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, премьера кең аудиторияға арналып, ұлттық мәдени кеңістікте классикалық музыкалық мұраға қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бүйрек үсті безінің цистаденомасы бар пациентке сәтті операция жасалды

Бүгін 12:43

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі