Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының III...

Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі басталды

Алматы Бүгін 15:11 29
Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Қайрат Қонысбаев

Алматыдағы Oi-Qaragai тау курортында Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалінің және тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара «Ақ Тас» базалық станциясында ұйымдастырылды. Фестиваль аясында елдер мен курорттардың тулары көтеріліп, қатысушылар шеруі ұйымдастырылды. Әр курорттың бірыңғай формасын киген командалар марш әуенімен «Ақ Тас» жаңа конференц-залы алдындағы алаңға сап түзеп, халықаралық ынтымақтастықтың айқын көрінісін паш етті.

Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерін біріктірген іс-шараны ұйымдастырған жандарға алғыс айтамын. Жастар – болашақтың кепілі, ынтымақтастық пен достықтың алтын көпірі. Өздеріңіз білетіндей, тау кластері мен Алматы қаласы – біздің ұлттық байлығымыз, мақтанышымыз. Сіздердің елдеріңізде де тау туризмінің қарқынды дамып келе жатқанын жақсы білеміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында бұдан да биік белестерді бағындырамыз деп сенемін, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

Әкім орынбасарының айтуынша, Oi-Qaragai тау курортында бас қосу – отандық кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба, тау кластерін дамытудағы үлгілі әрі эталондық нысан саналады.

"Алматы қаласы тауға жақын қашықтықта орналасқан. Мұндай мүмкіндік әлемде санаулы ғана қалаларда бар. Ал Еуразиялық тау курорттары альянсының үшінші фестивалін Қазақстанда бірден екі курорт қабылдап отыр – Oi-Qaragai және Шымбұлақ курорты. Бұл – біздің үлкен артықшылығымыз, әрі қарай да осы бағытты жүйелі түрде дамытамыз, – деді Олжас Смағұлов.

"Алматының асқар тауларында мықтылар жиналады. Таулар мықтыларды біріктіреді. Біз – жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартып, ең бастысы, Еуразия кеңістігінде туризм мәдениетін қалыптастырып жүрген жандармыз. Біздің мақсатымыз – Еуразияның тау курорттары жаһандық курорттар картасында өз орнын алуы, әлемге танылуы. Әрине, бәсекелестік бар екенін түсінеміз. Алайда, ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, технология алмасу бізді бірлікке бастайды", – деді Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов.

Спикерлер өз сөздерінде Алматы тау кластерін дамытудың стратегиялық маңызын атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және өңіраралық серіктестікті нығайту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, тау туризмін төрт маусым бойы дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және экологиялық тұрақтылықты сақтау мәселелері де қозғалды.

Фестиваль мен форум – тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды талқылауға және Еуразия кеңістігіндегі тау курорттарының ынтымақтастығын күшейтуге арналған маңызды алаң. Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Андрей Кукушкиннің айтуынша, бұл шара аймақтың туристік әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

"Жыл сайын өтетін, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Еуразиялық тау курорттары альянсының фестиваліне 5 ел мен 6 курорт қатысуда. Бүгін осы жерде барлық курорттың өкілдері мен басшылары жиналды. Әр курорттан спорттық командалар келді. Бір аптаға жоспарланған бағдарлама өте ауқымды. Тау туризмін дамытуға арналған форумнан бастаймыз. Форумда Қазақстанның туристік саласы үшін ең өзекті тақырып – тау туризмін дамыту және Алматы тау кластерін құру мәселесі талқыланады. Мұнда осы бағытта кәсіби тұрғыда пікір алмасуға ниетті мамандар жиналды. Олар кластерді қалай тиімді құруға болатынын, жұмысты қалай жүйелі ұйымдастыру керектігін талқылайды. Бұл бастама туристер мен тау курорттарына келушілерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да пайдасын тигізуі тиіс. Жергілікті халық жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, ал шағын және орта бизнес өкілдері мейрамхана, кафе, қонақүй сияқты нысандар ашуға мүмкіндік алады", – деді Андрей Кукушкин.

Сондай-ақ, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы Еуропа елдерінің өз табиғи мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, туризм арқылы айтарлықтай табыс тауып отырғанын айтты. Еуропада туризм саласы жалпы ішкі өнімнің – 10%-ы. Тіпті көршілес Әзербайжанның өзінде туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 11%-ға жеткен. Сондықтан Қазақстан да әлеуетті тиімді пайдалануы қажет екенін айтты.

"Осы мақсатта әртүрлі елден кәсіби мамандарды шақырып, олардың тәжірибесін алмасуға мүмкіндік жасап отырмыз. Көптеген мемлекетте тау кластерлері әлдеқашан табысты жұмыс істеп, халыққа пайда әкелуде. Біздің альянсқа мүше шетелдік әріптестеріміз де өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салады. Бүгінгі форум осы бағытта өтеді. Ертеңнен бастап ауқымды спорттық бағдарлама басталады. Тау курорттары жаттықтырушылары арасында тау шаңғысы пәндері бойынша ТМД елдерінің ашық чемпионатын өткіземіз. Жарыстың бірінші күні «Шымбұлақ» курортында, екінші күні «Ойқарағай» курортында өтеді. Қатысушылар жоғары деңгейде шеберліктерін көрсетеді", – деді Андрей Кукушкин.

Сонымен қатар, алдағы уақытта қауіпсіздік, беткейлерді дайындау және тау курорттарының басқа да бағыттары бойынша тәжірибе алмасу жоспарланыпты.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе ескеріледі

Бүгін 16:07

Ақтөбедегі құс фабрикасында ірі өрт шықты (ВИДЕО)

Бүгін 15:55

Тоқаев Эстония президентін құттықтады

Бүгін 15:34

Референдумға дайындық: Тоқаевқа ұйымдастыру жұмыстары туралы есеп берілді

Бүгін 15:22

Түркістанда 71 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлаған: сот үкім шығарды

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі