AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Барлығы 14.01.2026, 17:02 905
Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері мен "Буран-314" патрульдік экипажының бірлескен жұмысы нәтижесінде таңға жуық Түрксіб ауданындағы жеке тұрғын үй секторында 49 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Күдіктіге жүргізілген жеке тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі екені анықталды. Заттың жалпы салмағы 7 грамнан асады. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Біз есірткіні тарату арналары мен осы қылмыстық бизнеспен айналысатын тұлғаларды анықтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, тұрғын үй секторында жедел әрекет етіп, профилактикалық шараларды күшейту аса маңызды, себебі мұндай ортада есірткі кез келген адамға қолжетімді болуы мүмкін, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Спикердің сөзінше, есірткі қылмысына қарсы күрес полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

– Азаматтарды бейжай қалмауға шақырамыз. Күдікті әрекеттер туралы кез келген ақпарат есірткінің таралуына тосқауыл қоюға көмектеседі. Бірлескен күш-жігер арқылы біз балаларымыз бен жастарымызды осы қауіпті індеттен қорғауымыз қажет, – деп толықтырды Мұрат Жұмабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі қойып кетуші #ұстау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);